Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Ерен еңбек еленген күн... – Ақтөбе
1 мин чтения
Ақтөбе теміржолшылары да кәсіби мерекелерін бір кісідей атап өтті. Филиал ғимаратының мәжіліс залына жиналған болат жолдың майталмандары мен қатардағы қызметкерлері алдында өңірдің бас теміржолшысы Мағауия Оразқұлов сөз сөйлеп, теміржол бойынша атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген жетістіктері туралы баяндады.
Ол «Тұлпар-Тальго» пойыздарына техникалық қызмет көрсететін бекет құрылысының келесі жылы аяқталатынын тілге тиек етті. Сонымен бірге, келесі жылы құрылысы басталатын көлік-логистикалық орталығы жайлы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.
– Осы жылда қолға алынған елеулі шаралардың бірі ретінде Шалқар мен Тассай аралығына жолаушылар пойызының қатынай бастауын да атап өтуге болады. 600-дей жергілікті тұрғын жұмысқа алынды. Жаңа бағытта жүк пойыздарымен қатар, жолаушылар және қала маңы пойыздары қатынай бастады. Бізге жылдамдықты арттыру жөнінде тапсырма берілді, – деді Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Мағауия Амантайұлы.
Өз кезегінде магистральдық желі бөлімшесінің директоры Серғали Жайлаубайда теміржолшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, еңбек көрсеткіштерімен бөлісті.
Бөлімше басшылары саланың үздік қызметкерлерін марапаттады