Әрқашан күн сөнбесін...
Новости
05.06.2018, 15:05
Бүкіл әлемде сонау 1950 жылдан бастап атап өтілетін балалар мерекесін «ҚТЖ» ҰК» АҚ ешқашан елеусіз қалдырған емес. Биыл да теміржолшылардың балаларына арнап Астанадағы Орталық саябақта түрлі өнер байқауларын ұйымдастырды.
Шара мақсаты – теміржолшылардың дарынды балаларының бойындағы талантын ұштап, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Белгілі мультфильм кейіпкерлері кейпінде киінген аниматорлар дайындап әкелген ойын-сауықтық бағдарламалары шеңберінде балаларды ортаға шақырып, түрлі ойындар өткізді, би билеткізіп, ән салғызды. Балалар асфальтқа түрлі-түсті бормен сурет салып, «Астанаға-20 жыл» сурет байқауында жарысты. Бұл көңілді шаралар «Алло, біз таланттарды іздейміз!» атты биыл екінші жыл өтіп жатқан өнер байқауына ұласты. Сонымен қатар балаларға тегін аквагрим қызметі көрсетіліп, олар тақырыптық баннер жанында арнайы тіктірілген теміржолшылар формасын киіп, суретке түсті.
Әрине, сыйлықсыз мерекенің сәні кірген бе?! 18 бала қатысқан өнер байқауының қорытындысында домбырамен ән салған Астана станциясы қызметкерінің баласы, 11 жасар Әзиза Бисимбаева мен дәстүрлі ән салған «Жол диагностикалау орталығы» қызметкерінің баласы, 12 жасар Бекарыс Советқазин, мың бұралған биімен көзге түскен «ҚТЖ-Магистральдық желі дирекциясы» филиалы қызметкерінің қызы, 8 жасар Ажар Көмекбаева 3-ші орынды иеленді. Ал қазақша би билеген «ҚТЖ-ЖТ» АҚ қызметкерлерінің балалары, 10 жасар Айдана Сансызбаева мен ән айтып өнер көрсеткен 10 жасар Әмірхан Сафин және шешен биін билеген, компанияның ішкі аудит қызметі маманының баласы, 8 жасар Ғалымжан Баймурзин 2-ші орынға ие болды. Сонымен қатар «Локомотив жөндеу» АҚ қызметкерінің баласы, 7 жасар Диана Дүйсенова мен «KTZ Express» АҚ қызметкерінің баласы, 9 жасар София да үздік биімен және музыкалық аспапта өнер көрсеткен «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалы қызметкерінің баласы, 9 жасар Нәзия Қадіркей жүлделі 1-ші орынды иеленді. Осындай жүлделі орын алған балаларға смарт сағаттар тарту етілсе, басқа балалар да құр қайтпай, сөмке, рюкзак сынды керек заттар тарту етілді және қатысқаны үшін арнайы дипломдарға ие болды. Ал сурет салу жарысынан көзге түскен 10 бала таңдап алынып, оларға да түрлі ойыншықтар тарту етілді.
Саябақтағы мереке соңы жалпы флешмобқа ұласты.
Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ
«ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық аппаратының қызметкерлері Астана қаласының мүгедек балалар қоғамында есепте тұрған балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Теміржолшылардың ізгі істе бірлесуінің арқасында 50-ден астам балалардың тілегі орындалды. «Әлеуметтік жобалар қоры – «ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративтік қорының директоры Ербол Кеңгірбаевтың айтуынша, Мүгедек-балалар қоғамына теміржолшылардың қайырымдылық көмек беруі дәстүрге айналған. Балалар күні қарсаңында қорға балалардан түрлі тілектер хаты түсіпті, сөйтіп, қысқа уақыт ішінде ҚТЖ қызметкерлері қажетті сыйлықтарды жинаған екен, айталық, интерактивті ойыншықтар, қуыршақтар мен конструкторлар, пазлдар, шығармашылық пен қолөнеріне арналған түрлі жинақтар, тәттілер, тағысын тағы сыйлықтар балаларға мерекелік көңіл күй сыйлағаны анық. - Әрбір теміржолшы біздің қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды ой елегінен өткізе отырып, одан тыс қала алмайды. Сол себепті олар түрлі әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыруға белсене қатысып, мұқтаж жандарға қайырымыдылық көмек көрсетіп келеді, – деп атап өтті Ербол Кеңгірбаев. Бүгінде 150-ден астам бала есепте тұрған «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» ҚБ төрайымы Қамқа Жасанова балаларға жақсы көңіл-күй сыйлап, көмек көрсеткені үшін теміржолшыларға алғысын білдірді.Мадина ТУРГУМБАЕВА
Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала – елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Балалар күні мерекесіне орай Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен бөлімшеге қарасты станция қызметкерлері балаларына арналған шара өтті. Оған 7-10 жас аралығындағы елуден аса балалар ата-аналарымен бірге келіп қатысты. Шара барысында балалар сурет салды, ойындар ойнады, би билеп, ән айтты. Арнайы бағдарламасымен келген аниматорлардың ұйымдастыруымен әртүрлі танымдық ойындар ойналып, спорттық билер биленді. Осының бәрін залда көріп отырған теміржолшы ата-аналар да балаларының тәтті қылығы мен ойынына тәнті болып, олармен бірге қуанды. Соңында балалар естелік суретке түсті. Бәріне кәсіподақ атынан сыйлықтар үлестірілді. – «Қуантсаң, баланы қуант» демей ме халқымызда. Кәсіподақ ұйымы барлық станция қызметкерлерінің балаларын шақырып, осындай көңілді, танымдық шара өткізгеніне ата-аналар қуаныштымыз. Балаларымызбен бірге біз де көңілді демалдық, жадырап қалдық. Мереке құтты болсын, ұрпағымыз аман болсын, – дейді Ақжайық станциясының қызметкері Құралай Алиева.Қосұйым Мұқашев, Атырау облысы
Қарыны тоқ, киімі көк бала үшін ата-анасының жанындағы әрбір күн – той. Дегенмен, қоғамда материалдық құндылықтардан қысылмай өсіп жатса да көңілі жарым, жүрегі жетім балғындар қаншама... Бірінде әке, бірінде ана жоқ. Енді басқасында әке де, шеше де бар, бірақ баланың таудай тілегін орындауға қалың қалта жоқ, мейірім жетпейді. Бірақ барлық бала бақытты болуға лайық. Сондықтан олардың өмірінде 1 маусымның алатын орны бөлек. Атаулы күнге байланысты маңғыстаулық теміржолшылардың ізбасарлары да бір марқайып қалды. Маңғыстау ауылындағы ең көркем мейрамханалардың бірінде ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысатын бала саны көп болғандықтан екі мезгілге бөлуге тура келген. – Түске дейін Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша 450-ге жуық балақайды қамтысақ, түстен кейін Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің тағы 400-ге жуық баласын қарсы алдық. Бұл күні оларға базарлық мол болды. Іште облыстық қуыршақ театрының әртістері ертегілер әлеміне саяхат жасатса, сыртта түрлі ойын көрігі қызды, балалар жылжымалы тәттілер сөресінің қызығын көріп, тасқа сурет салудан жарысып, батутта армансыз ойнады. Балмұздақ таратылып, жарыстар ұйымдастырыды. Жеңімпаздар марапатталды, – дейді жүк тасымалы бөлімшесінің кәсіподақ комитеті төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетов.Шахида Жұман, Маңғыстау
Әрбір баланың асыға күтетін меншікті мерекесі – Балалар күніне орай аймақ теміржолшылары бүлдіршіндерге қуаныш сыйлауға тырысты. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Нұр Отан – балаларға» республикалық қайырымдылық акция аясында өткізілген мерекелік шараға көпбалалы отбасылылардың 5-12 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалары мен олардың ата-аналары қатысты. «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева өз сөзінде бүгінгі көңілді мереке ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналып отырғанын, әрбір бала бақытты болуға лайық екендігін айтып, партия филиалы атынан әрбір балаға ұялы телефон сыйлады. Қызылорда ЖТ бөлімшесі бойынша «Қазкөліккәсіп» бірлестігі төрағасының орынбасары Бауыржан Ахметов, «Жолаушылар тасымалы» филиалы төрағасы Алмас Дауітбаевтар да өз кезегінде балаларды қуантып, түрлі тарту-таралғы жасады. Балаларды қорғау күні мерекесі тек көңіл көтерумен шектелген жоқ, балалардың қажеттілігін анықтаған, демеулік жылы сөздер айтып, арман-тілектерін тыңдаған, денсаулығының кінәраты бар балаларын аялап өсіріп отырған ата-аналарға алғыс айтқан күн болды.Сабырхан НӘДІРБАЕВ, Қызылорда
Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің қызметкерлері Балаларды қорғау күніне орай Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінде болып, осындағы «Жас қыран» жанұясының тәрбиеленушілеріне базарлық жасады. Бүгінгі күні бұл жанұяда 5-12 жас аралығындағы 12 ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар тәрбиеленіп жатыр. Балаларға тәтті тағамдар мен арнайы сый-сияпатын ала келген теміржолшылар олармен бірге ойын ойнап, күндерін қызықты өткізді. Және осы топтың тәрбиеленушісі, бірнеше өнер додаларының жеңімпазы Аркадий Овченниковке сахналық киім сыйлап, бүлдіршіннің арманын орындады. – Біздің тарапымыздан бірнеше жыл қатарынан осы балалар үйіне көмек беріліп келеді. Сондай-ақ, жақында Астана қаласына барып қайтатын он балаға демеушілік жасап отырмыз, – дейді Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Еркін Алтынбеков.Арсен Байзақ, Тараз
Қарағанды-Сұрыптау станциясында тұратын балалар Теміржолшылардың мәдениет үйінде естен кетпес көңілді мерекеге куә болды. «Қазпрофтранс» Қарағанды филиалы, жүк тасымалы бөлімшесінің кәсіподағы ұйымдастырған мерекелік шараны сайқымазақтардың қызыл-жасыл костюмдерін киген аниматорлар жүргізді. Бүлдіршіндер концертті көтеріңкі көңіл-күймен тамашалап, флешмобтар мен түрлі байқауларға белсене қатысты. Алайда, балалар үшін ең қызықты сәт, ол «Жаңа дәуірдің классигі бол. Ертегілерге безендірулер» тақырыбындағы балалар суреті байқауының жеңімпазы болып сыйлық алуы еді. – 4 мамырдан бастап Қарағанды ЖТ бөлімшесінде «Жаңа дәуірдің классигі бол: 4 маусым» балалар суретінің байқауы өтті. Бастапқы кезеңде теміржолшылардың 48 баласы бейнелеу өнерінің мұғалімі Эльмира Ахметовадан сурет салуды үйреніп, бейімділік танытқан 28 бала байқауға қатысты, – дейді кәсіподақтың Қарағанды филиалының төрағасы Яхия Альмусин. Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлдені Алина Жанзақова жеңіп алса, екінші және үшінші орындарды Сағыныш Самажанова мен Ділдә Қасенова өзара бөлісті.Лариса ЧЕН, Қарағанды
КТЖ в лицах
19.12.2025
Почетного железнодорожника Сергея Балашова проводили на пенсию
Новости
19.12.2025
Итоги инфраструктурных работ подвели в Акмолинском отделении магистральной сети
Регионы
19.12.2025
Железнодорожников наградили ко Дню Независимости в Усть-Каменогорске
Грузовые перевозки
19.12.2025
Перевозки зерна по железной дороге за 11 месяцев выросли на треть
Новости
19.12.2025
Около 47 тысяч кубометров снега убрали железнодорожники с начала снегоборьбы
Новости / Архив
19.12.2025
Газета Қазақстан теміржолшысы, №106 от 19 декабря 2025 года
Новости
18.12.2025
Проектно-конструкторское бюро инфраструктуры открылось в КТЖ
Регионы
18.12.2025
Уральские железнодорожники отметили День Независимости в отраслевом музее
Регионы
18.12.2025
Круглый стол ко Дню Независимости прошел в Павлодарском отделении магистральной сети
Новости
18.12.2025
День Независимости отметили в Астанинском эксплуатационном депо
Регионы
18.12.2025
Строительство современного перрона на Сарыбеле выходит на финишную прямую
КТЖ в лицах
18.12.2025
Общественная работа и профессионализм: путь Кенеса Дюсекеева на железной дороге
Регионы
18.12.2025
На Кумистауской дистанции пути усилили очистку инфраструктуры от снега
Регионы
18.12.2025
Карагандинские железнодорожники разработали план работы в зимний период
Новости
18.12.2025
Интермодальные перевозки и цифровизацию обсудили на конференции в Актау
Новости
17.12.2025
Представители России, Армении, Монголии и Кыргызстана впервые приняли участие в форуме молодежи ҚТЖ
Новости
17.12.2025
Более 250 молодых специалистов приняли участие в XIV форуме молодежи ҚТЖ
Новости
17.12.2025
Молодёжь ҚТЖ научили действовать в условиях перемен
Новости
17.12.2025
Командное взаимодействие отработали участники форума молодежи ҚТЖ
Новости
17.12.2025
Более 10 детей получили подарки на «Елке детских желаний»