Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Күрделі жөндеу жүріп жатыр
1 мин чтения
Қызылорда аймағында жол табанын күрделі жөндеуден өткізу қарқынды жүріп жатыр. Тереңөзек-Қараөзек станциялары арасында 22,4 км жолға күрделі жөндеуді нәтижелі әрі дер уақытында аяқтаған аймақ теміржолшылары, маусым айының 8-і күні екінші бір күрделі жөндеуді бастағалы отыр.
Аталған күрделі құрылыс жұмыстарын жол салып, оны жөндеу жұмыстары саласында мол тәжірибе жинақтаған «Интегра констракшн КЗ» компаниясының «Батыс» дирекциясы ұжымы жүргізіп жатыр. Маусым айының алғашқы онкүндігінде бөлімшенің Қазалы және Еңбекшіқазақ бекеттері арасындағы 44,3 км жол күрделі жөндеуден өткізілмекші.
Бұл жайында Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің жол бөлімі маманы Гүлнәр Баймағанбетова айтып берді.
– Бөлімшенің Тереңөзек-Қараөзек станциялары арасында 22,4 км күрделі жөндеу жұмыстарын ойдағыдай тәмамдаған жол жөндеуші компания алдағы күндерде тағы жұмысқа кіріскелі отыр. Келесі күрделі жөндеу Қазалы және Еңбекшіқазақ бекеттері арасындағы жолдың 44,3 шақырымына жасалынады деп күтілуде. Жұмыс жасауға қажетті техника, ауыр жол машиналары мен керекті құрал-сайманмен қаруланған жол салушыларға біздің тарапымыздан қатаң бақылау жүргізіледі. Күрделі жөндеудің алғашқы толаскезі маусым айының сегізіне жоспарлануда, яғни күрделі жөндеу осы күні басталады, – дейді жол бөлімінің маманы.