Капитал нарығына қадам
Новости
05.07.2018, 10:11
Астанада бірінші рет Astana Finance Days халықаралық қаржы конференциясы өтіп, соның шеңберінде өткен «Қазақстанның инвестициялық кейсіне инвесторлар тарту: жекешелендіру және тағы басқа мәселелер» тақырыбында өткен панельдік сессияға «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасының даму жөніндегі орынбасары Мақсат Қабашев қатысты.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалған Тимоти Беннет бұған дейін дериватит нарығы мен бағалы қағаздар нарығының лицензияланған операторы болып табылатын Жаңазеландия биржа қоры (NZX) басқармасының төрағасы болып қызмет еткен. Ол NZX-ны ұйымдастырушылық және нормативтік өзгерістер кезінде, сауда және клирингтік биржа жүйелерін алмастыру және жаңғырта отырып, сондай-ақ, 23 биржалық инвестициялық қорларды Жаңазеландия биржа қорының Басқарушы қоры арқылы іске қосқан тәжірибелі маман ретінде шақырылып, АХҚО басқармасына төраға ретінде тағайындалыпты. Тимоти Беннет мырза өз сөзінде биржаның болашағы туралы ой бөлісе отырып, АХҚА шеңберінде Қазақстанның капитал нарығын дамытуға қатысу мүмкіндігін алғанына қуанышты екенін жеткізді. «Ішкі және халықаралық инвесторлар сенімін қалыптастыру үшін біз AIX-ті халықаралық стандарттар бойынша дамытып, реттейтін боламыз» деді ол.
Пікірсайысқа қатысушылар іске қосылып, ағылшындық басқару құқығымен жұмыс істейтін Астана халықаралық қаржы орталығының болашағына үлкен сенім артатындарын жеткізе отырып, бұл орталық инвесторларды шоғырландыратын үлкен алаң боларына сенім білдірді. Шетелдік инвесторлар үшін бұл орталық не береді дейтін болсақ, АХҚО ТМД кеңістігінде жоқ, капиталдарды қорғауға ерекше жағдай тудырмақ. Ал Астанада өтіп жатқан Astana Finance Days инвесторлар үшін АХҚО-ның артықшылықтарымен жақын танысып, қазақстандық қандай да бір жобаға инвестиция салуға шешім қабылдау мүмкіндігін беретін алаң болып отыр. Ал АХҚО-ның қазақстандық бизнес үшін маңызы қандай дейтін болсақ, орталық шетелдік инвестицияларға басымдық бергенімен, мұнда қазақстандық кәсіпкерлер де оның резиденттері бола алады. Яғни, оларға шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу мүмкіндігі тумақ, сондай-ақ, биржа мәселесіне қатысты дау-дамайды озық әлемдік стандарттарға сүйене отырып шешетін болады.
Пікірсайыста «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының даму жөніндегі орынбасары Мақсат Қабашев Астана халықаралық қаржы орталығына қатысты өз ойын білдірді: «Мен сияқты дәстүрлі және консерваторлық салада, яғни теміржол саласында жұмыс істейтін қызметкерге Астана халықаралық қаржы орталығында, осындай жаңа іскерлік ортаның адамдары ортасынан пікірсайысқа қатысып, ой бөлісу – үлкен бақыт. Мен бүгінгі кездесу капитал нарығындағы Қазақстанның қадамын табысты етеді деп сенемін. Бізде екі биржа қоры бар. Бұл Қазақстанда бизнесін жүргізіп жатқан іскер адамдар үшін, брокерлер үшін ыңғайсыздау болса керек. Әрине, әдемі жолдар, әдемі ғимараттар салуға болады, бірақ, осы ғимаратта қаржы орталығында жұмыс істейтін қаржы саласы мамандары «Кім біздің тұтынушылар, клиенттеріміз кім, оларға мұндай жаңа әлемде, тек бір ғана елде емес, әлем бойынша экономика қайта құрылымдап жатқанда қазіргі уақыт талабына сай қандай және қалай қызмет көрсету керек екенін ұғулары керек. Ал жаңадан бой көтерген АХҚО үшін әлемде болып жатқан өзгерістер, ағымдық ахуалдар аса маңызды. Менің пайымымда, қазір әлемде жұмыс істеп жатқан бүгінгінің бизнесі, адамдары өте мобильді, олар капиталдандыру нарығымен немесе географиялық оқшаулаумен белгіленбеген, олар үлкен корпорациялардан ғана емес, шағын стартаптардан пайда табуға әрекет етушілер қатарынан. Яғни, олар бизнесті тиімді басқару арқылы пайда табуға ұмтылады. Меніңше, бұл оларға үлкен тегеурін. Және бұл Астана қаржы орталығында жасалуда. Әрине, келешекте, біздің «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының да бұл орталықпен қызметі тығыз байланыста болмақ. Осы ретте, біздің Астана халықаралық қаржы орталығы биржасында акцияларды көпшілікке тарату алғашқы қадамымыз болмақ. Қазір қазақстандық ұлттық компаниялар IPO-ға шығу үшін пул жасауда. Солардың қатарында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы да бар», – деді ол.
Мақсат Қабашевтің айтуынша, қазір ҚТЖ-ның басқарушылық деңгейіне, құрылымдық бөлімшелеріне қайта құрылымдаулар жүргізіліп жатыр. «Біз Ұлттық компанияның негізгі қызметімен байланысты емес, яғни профильді емес активтерді жекешелендіруге өткізіп жатырмыз. Бұл процесс аяқталуға жақын. Біздің үлкен мақсатымыз – Компанияны IPO-ға шығару. Бұл бүгінгі форумда қызу талқылануда. Ал ҚТЖ-ны ірі инфрақұрылымдық компания әрі ел экономикасында үлкен әлеуметтік маңызға ие компания ретінде алып қарайтын болсақ, онда бірқатар күрделі мәселелер бар, ол бірінші кезекте тарифке қатысты. Әсіресе, шыңына жеткен тасымал кезінде, көмір сияқты жүк түрлерін төмендетілген баға тарифімен тасымалдайміз, тіпті, кейде өзіндік бағасынан төмен тарифпен тасымалдауға мәжбүрміз. Ал бұл шын мәнінде бизнес тұрғысынан дұрыс емес. Біз бұл мәселені бүгін акционерімізге жолдадық, өйткені, ҚТЖ 100 млрд теңгеден астам ақшасын жоғалтуда осы төмен тарифтер кесірінен. Біз өзге бизнес түрінен жаңағы тарифі төмен тасымалды жабуға мәжбүрміз. Екінші мәселе, жолаушылар тасымалына қатысты. Ол инвесторларды қаншалықты тарта алады, бұл да үлкен сұрақ. Ал заңға сәйкес ұлттық компания өзінің 15 пайызын ғана ІРО-ға шығара алады. Біз әлеуетті инвесторлармен, инвестбанкілермен сөйлестік. Әрине, оларды 25 процент қызықтырып отыр. Меніңше, ІРО ол Компанияны биржаға шығаруға дайындау емес, ол Компания ішкі жағынан реформалау, яғни оны ашық, айқын ету. Яғни адамдарға Компанияға инвестиция салуда қолайлы жағдай жасау. Мысалы, дамыған елдердің өзін алып қарайтын болсақ, Францияда темір жолда реформалау он бес жыл жүргізілді. Сол себепті бізде де көп мәселе туындап отыр, біз онымен жұмыс жүргізудеміз. Жалпы біз, инвестицияны транзиттік тасымал әлеуетін арттыруға тартудамыз. Және бұл бағытта жұмысымыз жеміссіз емес» деп Компания жұмысына қатысты ой бөлісті ҚТЖ-ның қаржы жөніндегі басқарма төрағасының даму жөніндегі орынбасары Мақсат Қабашев.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Регионы
18.09.2026
Реконструкция трех железнодорожных вокзалов завершена в Кызылординской области
Грузовые перевозки
18.09.2026
Акмолинский филиал АО «Қазтеміртранс» готов к перевозке зерна в период уборочной кампании
Новости
18.09.2026
Горочную централизацию модернизируют на станции Караганда-Сортировочная
Новости
18.09.2026
КТЖ продолжает реализацию масштабной программы по обновлению вокзалов
Регионы
18.09.2026
Акмолинские железнодорожники провели профилактическую кампанию по безопасности движения
Новости
18.09.2026
Казахстанская делегация приняла участие в форуме «Бакту – 2026» в Китае
Регионы
18.09.2026
Количество нарушений безопасности движения на ж/д транспорте снизилось в Алматинском регионе
Новости / Архив
18.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №74 от 18 сентября 2026 года
Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр