«Жас келсе – іске» деген
Хромтау – Алтынсарин теміржол магистралінің бойындағы Дөң станциясы Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесіндегі шағын станциялардың бірі болғанмен маңызы айрықша. Биыл жыл басында бөлімше басшысы бірнеше жас маманды жұмысқа қабылдады. Солардың бірі 23 жастағы Гауһар Амантаева – бүгінде Дөң станциясында тауар кассирі.
Гауһар Амантаева Ақтөбедегі теміржол колледжінде білім алған, мамандығы – диспетчер. Еңбек жолын жаңа бастаса да теміржолшы кәсібі оған бөтен емес, тіпті етене таныс десе болғандай.
– Өйткені, мен теміржолшылар әулетінен шыққанмын. Және оны мақтан тұтамын. Әжем де, атам да осы болат жолда еңбек етіп зейнетке шыққан жандар. Әкем де, анам да, бауырларым да түгел теміржолшылар. Алдыңғы арба қайда жүрсе, кейінгі арба сонда жүреді» демекші, солардың ізіне еріп мен де теміржолшы болатыныма ешкім шүбә келтірген емес, – дейді Дөң станциясының жас тауар кассирі.
Станцияға келіп-кетіп жатқан пойыздардың құжаттарына, вагондарға тиелетін жүкке жауапты тауар кассирінің жұмысын ә дегеннен дөңгелетіп әкеткен Гаухар
жұмысқа араласқанына көп бола қоймаса да үлкен биіктерді бағындыруды армандайды. «Тауар кассирі болып бастап сатылай өссем, станция кезекшісі, сосын диспетчер, одан станция басшысы болсам деп армандаймын. Ол үшін қозғалыс саласына қатысты әрбір «нюансты» жақсы меңгеріп, кез келген жағдайға дайын болуың керек, сондықтан мен әлі тәжірибе жинау үстіндемін», – дейді ол.
Әке-шешесі Хромтау қаласында тұрады екен. Алайда, оқу бітіргесін тұрмысқа да шығып үлгерген Гаухар – Қандыағаштың келіні. Дегенмен, үлкен кісілердің рұқсатымен жастар Дөң станциясына келіп қызметке орналасыпты.
– Бүгінде теміржол жұмысының қыр-сырын біраз игердім. Рас, әлі де білмегеніміз білгенімізден көп, көп нәрсе үйренуіміз керек екені даусыз. Оның үстіне теміржол саласы үнемі технологиялық даму үстінде оқу керек, ізденіс керек екенін жақсы түсінемін, – деген жас маман Дөң секілді негізінен жүк тиеумен айналысатын станцияда еңбек жолын батағанына риза екенін де жасырмайды, ұжымдағы әріптестерінен көп дүние үйренгенін айтады.
Болашағын болат жолмен байланыстырған Гаухар бәрінен бұрын әулетінің атына кір келтірмей, нағыз теміржолшы болуды көздейді.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Новости
13.10.2026
Железнодорожники высадили 3 500 саженцев сосны в резервате «Семей орманы»
Новости
13.10.2026
Ревизоры Акмолинского участка провели 532 проверки за девять месяцев
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года