Қазақстан – Қытай: ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Новости
25.08.2016, 18:38
Қазақстан мен Қытай шекаралас темір жолдары аралас комиссиясының  25-ші кезекті кеңесі шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен Қытай Халық Республикасының Үрімші темір жолдарының бастығы Шан Лицзюн екі ел темір жолдары арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Бұл маңызды құжатқа қол қоюдағы мақсат – қазақ-қытай шекаралық темір жол ынтымақтастығын нығайту, шекаралық тасымалдарға қазіргі әлемдік экономиканың теріс ықпал етуіне бірлесе тойтарыс беру, сонымен қатар жүк тасымалында жаңа өнімдерді игеру саласында, жүк жөнелтуде бірлесе әрекет етуді жетілдіру,  тұтас бағдар бойынша логистикалық тізбектерді құру, сондай-ақ, жолаушылар тасымалы нарығын кеңейту болатын. Жеті күнге созылған Қазақстан мен Қытай шекаралас темір жолдары аралас комиссиясының  25-ші кезекті кеңесі барысында, қазақ және қытай темір жолдарының өкілдері көптеген мәселені талқылап, екі жаққа да тиімді ортақ шешімге келуге тырысты. Мәселен, жүк тасымалы көлемін арттыру мақсатында, тараптар Қытай – Еуропа, Қытай – Орталық Азия және кері бағдар бойынша «Жаңа Жібек жолының» контейнерлік пойыздарын ұйымдастыру ісінде ынтымақтастықты күшейтуге уағдаласты. Ал вагондардың уақытылы оралуы үшін екі жақ келесі уақыт айналымын белгіледі. Бұдан былай қазақ темір жолдарына  тиесілі вагондар кең табанды жол бойынша 2,5 тәуліктен көп емес, тар табанды жол бойынша 5 тәуліктен артық емес, ал цистерналар 7 тәуліктен көп ұсталмауы керек. Ал қытайлық вагондар тар табанды жол бойында 2,5 тәуліктен артық ұсталмауы тиіс.   Сонымен қатар ҚР және ҚХР арасындағы шекаралық станциялардың географиялық орналасуын, станциялардың өңдеу қабілеттілігін, жүк жөнелтушілердің өтініш-тілектерін ескере отырып, тараптар Достық – Алашанькоу және Алтынкөл – Қорғас шекаралық өткелдерінде басымдыққа ие жүктерді табыстау жұмыстарын барынша ұйымдастыратын болды. Тараптар Алашанькоу – Достық және Қорғас – Алтынкөл арқылы өтетін кедендік процедуралардың тиімділігі мен тасымал бағасын ескере отырып, алайда, клиенттерге Алашанькоу – Достық арқылы жүк тасымалдау әдетке айналып кеткенін атап өтті. Осыған орай, Қорғас – Алтынкөл арқылы контейнердегі жүктерді қайта бағыттауды барынша жүзеге асыру үшін екі жақ Қорғас – Алтынкөл арқылы жүк тасымалы барысында кедергілерді жою, кедендік процедуралардан өту барысында қолайлы сервистік қызметтерді көрсету үшін бақылаушы органдармен өзара әрекет ету және үйлестіру жұмыстарын жүргізе отырып, аталған бағдар бойынша  тасымал бағасын төмендететін болды, сондай-ақ, бұл бағдар бойынша  жүк тасымалын жүзеге асыруға клиенттермен  жұмыс істеу шаралары қабылданды. Қытай жағы биылғы жылдың алдағы күндерінде Үрімші темір жолдарының жетекшілік етуімен жасақталатын Қытай – Қазақстан – Орталық Азия контейнерлік пойызының Қорғас – Алтынкөл арқылы өтетінін мәлімдеді. Тараптар осы өткел арқылы өтетін  контейнерлік пойыздардың да кестесін  келісті. Сонымен қатар тараптар СМГС «Жүк тасымалы ережелері» қосымшаларындағы жүк түрлеріне қатысты талаптардың орындалуына да қатысты ойларын ортаға салды. Мысалы, Қазақстан тарапы қытай жағына контейнерлердегі пломбалар саны СМГС-тің тауар құжаттамасында көрсетілген санға сәйкес келмей, соның салдарынан Достық станциясында контейнерлік пойыздардың жаппай кідірісте болуына әкелетінінен хабардар етті. Тараптар Қазақстаннан экспортталатын сұйытылған газ тасымалын да талқылады. Қытай тарапы, қазіргі кезде Алашанькоу  станциясы тар табанды жол бойынша  сұйытылған газ тиелген қазақстандық вагон-цистерналарды қабылдап, түсіру үшін барлық жағдайдың жасалып отырғанын мәлімдеді. Сұйытылған газды тасымалдау ерекшеліктері мен вагон-цистерналарды тасымалдау жағдайы мен қауіпсіздік стандарттары  бойынша талаптардың айырмашылығын есепке ала отырып, қытай жағы қазақстандық вагон-цистерналардағы газ тасымалы жағдайлары мен қауіпсіздік стандарттарын қарастыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы әрмен қарай кеңесуге ұсыныс жасап, осыған қатысты қазақстандық вагон-цистерналарға қойылатын техникалық параметрлер талаптарының тізімін ұсынды. Осы сияқты өзге де көп мәселе қазақ-қытай темір жолдары делегациялары тарапынан талқыланып, ҚР және ҚХР шекаралас темір жолдары аралас комиссиясының хаттамасына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болды. Келіссөздер жанға жайлы іскерлік жағдайда өтті. Кеңес хаттамасына ертең қол қойылады деп күтілуде.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Инфраструктура
22.09.2026
ҚТЖ продолжает модернизацию систем автоматики на станции Бейнеу и участках Шалкар – Бейнеу и Кандыагаш – Тобол
Новости
22.09.2026
Кедентранссервис организовало мультимодальную перевозку более 150 тысяч тонн стальных труб из Китая
Регионы
22.09.2026
Технические занятия для машинистов и их помощников прошли в локомотивных депо Караганды и Акадыря
Новости
22.09.2026
В Акмолинской области продолжается уборочная кампания
Новости
22.09.2026
Кедентранссервис представил современный подход к холодовой логистике Казахстана
Новости
22.09.2026
Столичным школьникам напомнили правила безопасности на железной дороге
Новости / Архив
22.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №75 от 22 сентября 2026 года
Грузовые перевозки
21.09.2026
Зерновой штаб КТЖ обсудил вывоз нового урожая в Костанае и Кокшетау
Регионы
21.09.2026
Профком Карагандинского эксплуатационного локомотивного депо провел встречу со студентами
Новости
21.09.2026
Казахстанские железнодорожники приняли участие в Международном фестивале молодежи-2026 в Екатеринбурге
Новости
21.09.2026
Машинист заметил четырехлетнего ребенка одного в степи
Регионы
21.09.2026
Пожарный поезд КТЖ задействовали при тушении крупного пожара в Костанае
Спорт
19.09.2026
Около 700 человек приняли участие в VI марафоне «КТЖ Марафон – участвуй и Ты»
Новости
19.09.2026
Более 320 столичных железнодорожников приняли участие в субботнике
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Международный туристический поезд прибыл из Сианя в Алматы
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Нацперевозчик объявил об осенних скидках до 30% на ж/д билеты
Регионы
18.09.2026
Реконструкция трех железнодорожных вокзалов завершена в Кызылординской области
Грузовые перевозки
18.09.2026
Акмолинский филиал АО «Қазтеміртранс» готов к перевозке зерна в период уборочной кампании
Новости
18.09.2026
Горочную централизацию модернизируют на станции Караганда-Сортировочная
Новости
18.09.2026
КТЖ продолжает реализацию масштабной программы по обновлению вокзалов