ҚР Конституция күніне орай «Теміржол» партия филиалы мүшелері дөңгелек үстел өткізді. Жиналғандар барлық заңдар мен заңнамалардың бастауы болып табылатын құнды құжат – Ата Заңды құрметтеу, қоғамда заңдылықтың сақталуы мен тәртіптің нығаюы, азаматтар құқығының бұзылмауына жол бермеу жайында әсерлі әңгіме тыңдап, ой бөлісті. –Мемлекет басшысы мен Үкіметтің сындарлы саясаты мен тапсырмаларын теміржолшылардың тыңғылықты атқарып келе жатқандығын зор мақтанышпен жеткізіп, әрқайсымыз Конституцияға деген құрметімізді нақты іспен, адал еңбекпен, заңға мойынсұнумен дәлелдеуіміз керек, – деді «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева барлық әріптестерін ҚР Конституциясы күні мерекесімен құттықтап. Шара соңында қоғамдық жұмыста белсенділік танытқан теміржолшылар Алғыс хатпен марапатталып, партия қатары «Денсаулық» БПҰ қызметкерлерімен толықтырылды.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда