Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Қоғамдық тәртіп күшейтілуде
1 мин чтения
Шымкент станциясында қыркүйектің 15-17 күндері «Мүлдем төзбеушілік» қағидасы бойынша акция өткізілді.
Акцияның мақсаты – қоғамдық орындарды ластау, қоқыс лақтыру сынды бөгде адамдардың оғаш қылықтарына тиым салып, белгіленген орындарда темекі шегулерін қадағалау, басқа да ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптарына сәйкес бөгденің затын қолды қылу, көпшілік жерде мәдениетсіз сөйлеу сынды ірілі-ұсақты құқық бұзушылықтарды анықтау болды. Одан бөлек, қыркүйектің 16-20 аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы басталады. Шара мақсаты – кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстың алдын алу, болдырмау, түнгі уақытта жасөспірімдердің ойын-сауық орталықтарында ата-анасыз, үлкендерсіз жүруіне тиым салу.
Аталған түнгі рейд барысында кешкі 22.00-ден таңға дейін тәртіп сақшылары вокзал төңірегін аралап, бейсауыт жүрген жасөспірімдерді бақылайды. Тамыз айында да осыған ұқсас «Жазғы демалыс» іс-шарасы жүргізілген. Оның да мақсаты – демалыс күндерінде балалар арасында кездесетін жазатайым оқиғалардың алдын алу, беймезгіл уақытта көшеде жүргендерді жөнге салу жайлы болған еді.