Сарыағаш станциясындағы «Кәусар», «Курорт Барыс» ЖШС-нен артылатын су жалпы станциядан артылатын жүктің 85 пайызын құрайды. Қалған 15 пайызы бақша дақылдары мен егістік өнімдері. –«Сарыағаш» минералды суына тапсырыс үзілмейтіндіктен, тамыз айында күніне 8 вагон су жібердік. Аудандағы мекеме мен кәсіпкерлерге көмір, ағаш, ұн секілді отыз вагоннан жүк түсірілді, – дейді станция бастығының шұғыл жұмыстар жөніндегі орынбасары  Әлсейіт Қанабекұлы. Өзбекстанмен шекарадағы Сарыағаш станциясынан сегіз айдың ішінде 1480 вагонға 89 241 тонна жүк артылып, 4982 вагоннан жүк түсірілген. Дегенмен артылған жүк 2015 жылдың жазына қарағанда азайған, себебі өткен жылдың сегіз айында 1829 вагонға 114 752 тонна жүк тиелген екен.  Ал, түсірілген жүк көлемі 5207 вагонды құрағандықтан, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда сәл төмендегені байқалады. Әлсейіт Әдембаевтың айтуынша, сегіз айда бір жүк операцисы кезінде бос вагондардың келіп, кеткен  уақыты 7 сағат 30 минутты құраған. Сонымен қатар, бір вагонға артылған жүктің орташа салмағы 60 тонна 200 келіге жеткен.

Бекәли АЛТЫН,  Шымкент