Анаргүл Төлегенова, Маңғыстау
Көптен күткен көпір
1 мин чтения
Шетпе станциясындағы теміржолда жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы аяқталды.
Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасында «Темір жол тасымалы ел экономикасының күре тамыры. Сондай- ақ көліктік логистикасын дамыту шеңберін кеңейту мемлекеттік саясаттың бір бөлігіне айналуы тиіс» деген нақты тапсырмасына орай аудан орталығында көптен күткен көпір салынып, халық игілігіне берілді. Бұл көпірдің шетпеліктер үшін пайдасы зор. Сан жылдар бойы тұрғындар темір жол бойында тұрған пойыздардың астымен өтіп, кедергілерге тап болып келді. Енді міне, халықтың арман тілегі орындалып, үлкен қуанышқа кенелді. Шетпелік ардагерлер темір жол өткелінен жаяу жүргіншілер көпірін салып беру жөнінде облыс басшысына ұсыныс айтқан болатын. Осы мәселені шешу жөнінде тиісті орындарға тапсырмалар беріліп, көпір салынды. Құрылысқа қаржылай демеушілік көмек көрсеткен «Каспий Цемент» ЖШС-не тұрғындардың, теміржолшылардың айтар алғысы шексіз.