Асқар Ақтілеу, Әйтеке би
Шетелге шығарылуда
1 мин чтения
Ақтөбедегі Әйтеке би станциясынан тиелетін вагондар көлемі артып келеді. Соңғы айларда бұл өңірден Ресейге астық, Иранға тіпті текше тас тиеледі екен. Қыс мезгіліне орай бүгінде жер-жерге көмір жеткізілуде.
– 800-ден астам вагон текше тас тек Құдықсай станциясынан тиелді. Бір айда ғана 175 вагон астық жөнелтілді, – дейді Әйтеке би ТҚКБ жетекшісі Жалғас Есенқазақов. Жергілікті тұрғындар қыс маусымына қамданып жатыр. Бекет бастығының айтуынша, қазіргі уақытта пойыздар саны артып келеді. Орта есеппен 6 тақ пойыз, 7 жұп пойыз өтеді. Ауысым сайын 50-ге тарта вагонға қызмет көрсетіледі.
– Біз пойыздар құрамын қысқартылған тәртіпте қараймыз. Пойыздар аялдағанда шағын тексеру жұмыстары жүргізіледі. Негізгі қарау жұмыстары Арқа, Никельтау, Қандыағаш станцияларында қолға алынады. Бір ауысымда бір аға вагон қараушы, екі вагон қараушы, бір оператор жұмыс істейді. Барлығы 23 адамбыз. Сонымен бірге, Құдықсайда 5 адам, Аққұдықта 9 кісі бар, – дейді бекет басшысы.