Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Теннистен бақ сынады
1 мин чтения
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жастарды дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту, еңбекші жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттың бұқаралық сипатын арттыру мақсатында үстел теннисінен жарыс өтті.
Айтулы додада облыстағы іргелі 15 мекемеден іріктелген 18-29 жас аралығындағы 35 спортшы өзара бақ сынады. «Қазақтелеком», «Центр кредит», «Цесна банк», «Шалқия цинк», «Қорқыт ата» әуежайы секілді азулы командалар арасында аймақ теміржолшыларының намысын «Қазақстан темір жолы» атымен Талғат Сыздықов пен Фатима Медеуова қорғады. Бір сәтке спорттық жейде киіп, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттауға үлес қосқан теміржолшылардың тартысты ойыны көрермендердің қолдауымен қызықты өтті. Нәтижесінде 2 орынды бөлімшенің спорт нұсқаушысы Фатима Медеуова иеленсе, ерлер намысын қорғаған талғат Сыздықов турнирдің бесінші сатысына табан тіреді. Дүбірлі додада жеңіске жеткен жүлдегерлерге естелік сыйлықтар, дипломдар табысталды.