Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ, Атырау
Қаржылай көмек көрсетілмек
2 мин чтения
Қазан айының екінші жексенбісі, Мүгедектерді қорғау күні қарсаңында Атырау магистральдық желі бөлімшесі филиалы өзіне қарасты мекемелердегі қызметкерлердің мүгедек балаларын осымен екінші жыл материалдық көмекпен қамтымақшы.
Жалпы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа сәйкес, отбасында 18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар қызметкерлердің отбасына бір жылғы материалдық көмек бөлу қарастырылған.
–Атаулы біржолғы материалдық көмек, Құлсары жол дистанциясында еңбек ететін 5 қызметкердің, Ақжайық сигнализация және байланыс дистанциясының 1, Ірілендірілген Атырау жол дистанциясының 15, Атырау Электрмен жабдықтау дистанциясының 3, сондай-ақ, Атырау магистральдық желі бөлімшесі филиалының 2 қызметкерінің отбасына 21 мың 210 теңге (10 МРП) көлемінде көрсетіледі. Аталған қаражат жоғарыда аталған әр отбасыға қазан айының 7-сіне дейін төленіп болады, – дейді Атырау магистральдық желі бөлімшесі филиалының персонал жөніндегі менеджері Анар Жалғасбаева.
Атырау электрмен жабдықтау дистанциясында электромонтер болып қызмет ететін Ерлан Айтжанов, мүмкіндігі шектеулі төрт жасар қызына мекеме тарапынан материалдық көмекке осымен екінші жыл қатарынан қол жеткізіп отырғанын айтады. «Жалақымыздан бөлек төленетін бұл біржолғы материалдық көмекке қызыма керек дәрі-дәрмек сатып аламын. Бізге көмек көрсетіп отырған «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығына өзім секілді ата- аналар атынан ризашылығымды білдіремін» дейді ол.