Қазақстан – Ресей: ынтымақтастық нығаюда
Новости
07.10.2016, 10:01
Сейсенбі, 4 қазан күні Астанада өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XIII форумына Мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қатысты. Форум шеңберінде жалпы сомасы 3 млрд АҚШ долларын құрайтын 56 екіжақты құжатқа қол қойылды.
– Құрметті форумға қатысушылар! Сіздермен Астана төрінде қауышып отырғанымызға қуаныштымыз. Екі ел қай жағынан да жақын. Біз түрлі бағытта ынтымақтастамыз. Бүгінгі форумға Ресейдің бүкіл аумағынан 400-ге жуық өкіл қатысып отыр екен. Олар қазақстандық бизнесмендермен бірлесе жұмыс істеу жайын талқылап, түрлі құжатқа қол қойды. Ресей Қазақстан үшін стратегиялық серіктес және саясат, сауда-экономикалық байланыстар сияқты маңызды мәселелерде одақтас. Бізде қазір 6 мыңнан астам Ресей мен Қазақстанның бірлескен кәсіпорындарды жұмыс істеуде. Көптеген екі жақты инвестициялық жобалар жүзеге асуда, – деген Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезде 20 млрд долларды құрайтын 60 жоба бар екенін, оларды жүзеге асыруға Қазақстан тарапынан толық қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың үлкен тәжірибесі жинақталғанын және оны әрмен қарай кеңейтуге мол мүмкіндік барын атап өтті.
«Біз Біртұтас экономикалық кеңістікте жұмыс істейміз. Кедендік одақтан толыққанды аймақтық бірлестік – Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Қазақстан, Ресей және Беларусь бастамасымен құрылған одақ құрамына бүгінде бес ел кіреді. Вьетнаммен еркін саудаға келісім жасалған, ҚХР және Оңтүстік Кореямен келіссөздер жүргізілуде, жақында Сингапур тілек білдіріп, біздің одаққа еркін сауда ашты. ЕЭО-мен ынтымақтастық орнатуға Үндістан, Египет, Иран тағы басқа мемлекетттер ықылас танытып отыр» – деді ҚР Президенті.
Өз кезегінде Ресей Федерациясының президенті, Ресей екі елдің іскерлік қауымдастық көмегімен, бұдан әрмен қарай Қазақстанмен тығыз байланыста өзара әрекет етуге мүдделі екенін, сондай-ақ, өзара сауданы қарқынды дамытып, молайтуға күш салатынын жеткізді.
«Біз екі елдің ұлттық экономикасын тұрақты дамытуға және біздің азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға, бірлесе жұмыс істесек, сөзсіз табысқа жетеміз» деді Владимир Путин.
Өңіраралық ынтымақтастық XIII форумы шеңберінде Елбасының қатысуымен өткен пленарлық отырыс Еуразия кеңістігінің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға арналып, оған екі елдің мемлекеттік органдары мен іскерлік орта өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы осындай форматтағы жыл сайынғы кездесулердің екі жақты қарым-қатынасты дамытуда зор маңызы бар екендігін атап өтті.
– Бүгін біз күн тәртібіне көлік пен логистиканың өзекті мәселелерін шығарып отырмыз. Қазақстан мен Ресейге тән ортақ ерекшелік – олардың аумағының кеңдігі мен географиялық орны. Осыны бәсекелік тұрғыдағы артықшылыққа айналдыра білу керек. Атап айтқанда, біздің елдер транзиттік тасымал саласында зор әлеуетке ие. Бұл бағытта біздер бәсекелес емес, стратегиялық әріптес екенімізді ерекше атап айтқым келеді. Сондықтан көлік-логистика жүйесін бірлесе дамыту қажет. Көлік саласы екі ел экономикасы өсімінің қозғаушы күшіне айналуға тиіс, – деген Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың бүгінгі таңда Ұлы Жібек жолын жаңғыртудың негізгі буыны болып отырғанын айтты. – Экономикалық саясатымызды үйлестіру қажеттігі туралы таяуда өткен G20 саммитінде де айтылды. Дәл осы іс-шарада біздің «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламамыз бен Қытайдың «Жібек жолының экономикалық белдеуі» атты бастамасын ұштастыру жоспарына қол қойылғаны да бекер емес. Біз жобаларды Ресеймен бірлесе жүзеге асырғанымыз дұрыс болар еді.
Ол сондай-ақ, еліміз жүзеге асырған, халықаралық көлік дәліздерінің конфигурациясын оңтайландыруға мүмкіндік берген ірі инфрақұрылымдық жобаларға тоқталды.
– Бірін бірі толықтыратын түрлі бағдарлар түзілді. Соның барлығы халықаралық транзитті теңізден құрлықтағы бағдарларға қайта бейімдеуге тиіс, – деген Нұрсұлтан Назарбаев, екі ел үкіметіне көлік-логистика жүйесін дамыту жөніндегі іс-қимылды үйлестіру жұмыстарын күшейту жөнінде тапсырма беруді ұсынды.
– Жүк тасымалының, ең алдымен транзиттің көлемін түбегейлі өзгерту үшін барлық жағдайды жасау қажет. Әкімшілік рәсімдерін оңтайландыру керек, өзара сауда-саттық барысында рәсімдердің барынша жариялылығы мен рәсімдеудің жеңіл болуы қажет. Сондай-ақ Ресейдің көлік инфрақұрылымына қолжетімділік мәселесі де қозғалды. Осыған байланысты, тиісті мемлекеттік органдардың аталған мәселелерді өзара тиімді негізде шешкені маңызды, – деді ҚР Президенті.
Ал Владимир Путин құттықтау сөзінде Ресейдің Қазақстанмен көп жоспарлы сауда және инвестициялық қарым-қатынасын дамытуға ерекше көңіл бөлетінін айтты.
– Елдеріміздің экономикасы бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Біз өнеркәсіпте, энергетикада,ауыл шаруашылығында ауқымды жобаларды бірге іске асырудамыз. Технологиялық кооперацияны тереңдетіп, ортақ көлік инфрақұрылымын салып, нығайтудамыз. Екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуде өңірлер ең белсенді рөл атқарады, – дей келе Ресей Президенті көлік қызметі нарығын дамыту мәселесінің өзектілігін атап өтті. – Ресей мен Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы негізгі сауда жолы тоғысында орналасқан. Бізде ортақ кедендік шекара бар және теміржол мен автокөлік жолдарының тармақталған желісіне иелік етіп, тасымалдаудың жоғары деңгейдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.
Сонымен бірге, Ресей Президенті көлік-логистика саласы үшін мамандар даярлауда өзара іс-қимылды күшейтетін бірқатар халықаралық көлік жобаларына елдеріміздің бірлесе қатысуына назар аударды.
Форум аясында Мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Еуразиялық кеңістіктегі көлік-логистикалық даму әлеуеті бағдарламасының тұсауын кесті. ЕЭО көлік кеңістігінің транзиттік әлеуетін дамыту болашағы туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев пен «РТЖ» ААҚ президенті Олег Белозеров баяндады.
ЕЭО көлік кеңістігі Еуразиялық құрлықтың 40% аумағын қамтитын Еуропа мен Азия «көпірі» қызметін атқаратын ғаламдық нарықтағы ойыншыға айналып келеді.
Негізгі тауарлар Еуразиялық құрлыққа теңіз көлігімен жеткізіледі. Қазіргі таңда трансқұрлықтық құрғақ жер арқылы тасымалдауға сұраныс зерттеліп, жасақталуда. Осыған байланысты Қазақстан, Ресей, Белорусь елдері контейнерлік тасымал көлемін өсіру шараларын қолға алуда.
Қазіргі таңда еуразиялық темір жол желісі жүктерді Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағдарында оңтайлы ұйымдастыруды қамтамасыз етуде. Ол үшін көлік дәліздерінің инфрақұрылымы жасақталуда. Шекаралық және теңіз порттарының өткелдері кеңейтілуде. Терминальдық- логистикалық орталықтардың тірек желілері құрылуда.
–ЕЭО кеңістігі аясында ықпалдасудың алғашқы бизнес жобасы ретінде құрылған БКЛК (Бірлескен көлік логистикалық компаниясы) өзінің алғашқы нақты жұмыс нәтижелерін көрсетуде. БКЛК – Ресей мен Қазақстанның көлік инфрақұрылымы мен логистикалық технологиясын дамытуға оң ықпал етіп отыр, – деді Олег Белозеров.
Қазақстанның көлік логистикалық кешенінің ЕЭО көлік әлеуетін дамытудағы рөліне тоқтаған «ҚТЖ»ҰК»АҚ президенті Қанат Алпысбаев, елімізде көлік-логистикалық инфрақұрылымын жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстары, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырылу барысы, Еуразиялық құрлықтағы жүк ағынын шоғырландырудың логистикалық орталықтарының тізбек желілерін жасақтау жайы туралы баяндап берді.
– Ляньюнган портындағы қазақстан-қытай терминалы, Орта Азиядағы ірі Қорғас құрғақ порты маңызды логистикалық орталықтар болып саналады.
Ресейлік серіктестермен бірлесе отырып, Мәскеу облысының Домодедов ауданында 2024 жылдарға 400 мың контейнерге дейін өңдей алатын ірі көлік хабын құру жоспарланып отыр. Еуразиялық құрлықта көлік логистикалық орталықтар желісінің тірек бекеттерін жасақтау – оның барлық (Иран, Қытай, Еуропа) қатысушы серіктестеріне мол табыс әкеледі. Біз ЕЭО аясында өзара синхронды және ашық келісімді түрде жаңа механизмдерді бірлесе іске қосу арқылы көлік инфрақұрылымының «өткізуі қиын» тұстарындағы кедергілерді жойып, дәліздің өткізу қабілетін барынша көтере аламыз. Қазақстан мен Ресей темір жолдарының серіктестігі – өзара ықпалдасудың жарқын мысалы. Осы табысты ықпалдасудың арқасында біздің еліміз әлемдік көлік индустриясында өзіне қолайлы жаңа белестерді бағындыруда,– деп түйіндейді сөзін ҚТЖ басшысы.
Форум аясында «ҚТЖ» ҰК»АҚ президенті мен «COALCO Development» компаниясы президенті Василий Анисимовпен Мәскеу облысы Домодедов қалалық аймағында «Орталық құрғақ порт» инфрақұрылымдық жобасын жүзеге асыру туралы Келісімге қол қойды.
Сұлугүл Бакесова
Социум
17.06.2026
Более 10 тыс. детей железнодорожников отдохнут в оздоровительных лагерях Казахстана
Инфраструктура
17.06.2026
Железнодорожная инфраструктура модернизирована на участке Алтынколь – Жетыген
Новости
17.06.2026
Казахстан и Иран договорились ускорить развитие транспортных коридоров и портовой инфраструктуры
Регионы
16.06.2026
Около 20 нарушителей правил перехода железнодорожных путей выявили на станции Караганозек
Новости
16.06.2026
Более 300 человек посетили Музей железной дороги на вокзале «Нұрлы жол»
Грузовые перевозки
16.06.2026
КТЖ предоставил 70-процентную скидку на ж/д перевозки социально значимых продовольственных товаров
Регионы
16.06.2026
На заседании женсовета профсоюза обсудили предложения в новый Коллективный договор в Усть-Каменогорске
Регионы
16.06.2026
Работы по обновлению пути ведутся в Алматинском отделении магистральной сети
Новости
16.06.2026
Применение навигационных пломб при перевозках по территории ЕАЭС обсудили на совещании ЕЭК
Новости / Архив
16.06.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №46 от 16 июня 2026 года
КТЖ в лицах
15.06.2026
Аскара Сагындыкова проводили на пенсию в ТОО «КТЖ – Грузовые перевозки»
Новости
15.06.2026
Студенты ЕНУ ознакомились с работой РЦУП-3 в Астане
Регионы
15.06.2026
Железнодорожники и транспортная полиция провели урок безопасности для школьников поселка Желаево
Новости
14.06.2026
Волонтеры КТЖ организовали для воспитанников детского дома экскурсию в железнодорожный музей
Новости
14.06.2026
Начался новый этап проекта Azerbaijan-Kazakhstan Sea Cable System
Новости
14.06.2026
Почётные железнодорожники оценили ход строительства обводной линии Казыбек Бек – Жетыген
Новости
13.06.2026
Музей истории железных дорог Казахстана открыт в Астане
Новости
12.06.2026
Вокзалы станций Аул и Белагаш открыты после реконструкции
Грузовые перевозки
12.06.2026
Экспорт казахстанского зерна и муки вырос на 13% за сезон
Грузовые перевозки
12.06.2026
Более 3 млн тонн продукции агропромышленного комплекса направлено в Китай