Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Дәрігерлер де өз көмегін ұсынды
1 мин чтения
«Теміржол» ауруханасының директоры Сұлтанбек Кенжебаев Қарттар күні ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайларын білу үшін үйіне баруды үрдіске айналдырған.
Биыл 15 жылдан бастап арнайы дәрігерлік есепте тұрған,1949 жылы туылған, жүректің ишемиясы ауруымен ауыратын 1 топ мүгедегіТасболат Жидебаевтың үйіне барды. Жүрегін ЭКГ-ге түсіріп,қандағы қант мөлшерін анықтап, қан қысымын өлшеп, қабылдап жатқан дәрілерінің дұрыстығын тексеріп, қосымша қажетті дәрілерін берді.
–Әрбір есепте тұрған науқасты он саусағымдай білем десем артық айтқандық емес. Бас дәрігер ретінде қолымнан келгенше әр бірі мен жеке пікірлесіп, әлеуметтік жағдайларына да зерделеу жұмыстарын жүргіземін.Бұдан бөлек дәрігерлер төсек тартып жатқан науқастардың үйлеріне барып, дәрігерлік көмек көрсетеді. Ауруханамыздың материалдық-техникалық базасы сырқат жандардың денсаулығын толыққанды тексеріп, ем жүргізуге толық мүмкіндік беріп отыр. Барлық сырқат жандар әлеуметтік қолдауда, дәрігерлердің бақылауында, -дейді БПҰ төрағасы Сұлтанбек Кенжебаев.