Нұрай Сәрсенғали
Халықаралық көрмеге қатысты
1 мин чтения
Ақтау теңіз сауда порты дәстүр бойынша TransitKazakhstan халықаралық көрмесіне қатысты, деп хабарлайды порттың баспасөз қызметі.
Биыл қазан айының 4-і мен 6-сы аралығында Алматыда өткен аталған көрмеге әлем бойынша транзиттік тасымалды дамытуға арналған халықаралық көлік бағдарының маңызды көліктік-логистикалық бөлігі ретінде «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ да атсалысты. Көрменің мазмұнды іскерлік бағдарламасының арқасында қазақстандық көлік жүйесін дамыту, көліктік-логистикалық қызметтердің ғаламдық нарығында логистика мәселелерін сәтті шешуге бағытталған алуан түрлі көліктердің өзара байланысында жаңа жүйелерді жасаудағы ең бір өзекті мәселелерін талқылауға, клиенттер мүддесі үшін Ақтау теңіз портының мүмкіншіліктерін кеңінен таныстыруға, алдағы жылға міндеттерді анықтауға мүмкіндік береді.