Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау
Қыс қамын жасауда
1 мин чтения
Маңғыстау станциясында алдағы қыс маусымына тыңғылықты дайындыққа ерекше мән берілуде.
Станция бастығы Сұлтанмұрат Тұрғанбаевтың айтуынша, Мұнайлы ауданы бойынша шамамен 1200 теміржолшы болса, Маңғышлақ станциясында 209 адам қызмет етеді. Ұжым бір кісідей ұйымшылдықпен күзгі байқауды өткізіп, кем-кетіктерін түзеп, қыс қамын жасауда.
─ Дайындық жаман емес, қыс қаһарына қаймықпай қарсы тұратын қауқарымыз бар. Тек, тасымал қарқынының бұрынғы жылдардан көп азайып кеткені алаңдатады. Мысалы, өткен жылы орташа есеппен тәулігіне 253 вагон жүк түсірген болсақ, осы жылы ол 173 вагоннан аспады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 68 пайызға тең. Әлемдік дағдарыстың салқыны бізге де тиіп жатыр, – дейді станция бастығы.
Сонау 1985 жылдан бері станция кезекшісі, пойыз диспетчері, қозғалыс қауіпсіздігінің ревизоры, станция бастығының бірінші орынбасары, бас инженер сияқты қызмет сатыларынан өткен тәжірибелі теміржолшы бүгінде тоғыз жолдың торабына айналған айналған түбекте жүк тасымалы артатын күн алда екеніне сенімді.