Күзгі байқау – қысқа дайындықты шыңдайтын емтихан. «Шымкент ЖТ» филиалы мен Магистральдық желі бөлімшесінің басшылығы Түлкібас, Түркістан, Сарыағаш станцияларында темір жол тораптарының қысқы маусымға дайындығын тексерді.   Әсіресе, жол шаруашылығына қатты көңіл бөлініп, рельстердің жай-күйі, станциялық жолдар, бағыттама бұрмалары егжей-тегжейлі тексеруден өтіп, кем-кетігі бүтінделуде. Ал Шымкент жол дистанциясында өткен апта соңында  тиянақты тексеру жүргізілді. Дистанциядағы №3 цехтың бригадирі Кәрім Қошмұханбетов әріптестерімен бірге өздеріне тиесілі Шымкент станциясының жолдарындағы болттарды майлап, сосын оларды арнайы техникамен қатайтып бекітуде. Одан соң, рельс арасындағы майларды тазалап, кейбір болттарды қолмен бұрап, арасында  жарамсыз шпалдарды ауыстырмақ. Бұған қоса шойшегелерін қағу сынды шаруалар қоса атқарылып жатыр. Сақтандыру  белгілерін айқындап, қайта сырлап, айналаны, төңіректі қоқыстан тазартып дегендей, қыс қамын жасауда. Күзгі байқаудан кейін жолшылар қысқы маусымға лайықты релсьтерді ауыстыруға көшеді.

Бекәли АЛТЫН,  Шымкент