Ислам ТАЛҒАТ
67 км жол төселген
1 мин чтения
Алматы-1 – Шу телімінде екінші жолдарды салу және электрлендіру жұмысы қыста да қарқынын тоқтатпайды.
Жалпы Алматы-1 – Шу темір жол телімінің пайдалану ұзындығы 306 км құрап отыр. Жоба бойынша Алматы және Жамбыл облыстары шекараларында ұзындығы 113,5 километрді құрайтын екінші жолдарды салу қарастырылған.
Қазіргі кезде Алматы-1 – Шу телімінде құрылыс қызу жүріп жатыр. Мәліметке сәйкес, жер төсемі құрылымына 750 мың м3 топырақ төгіліп, бұл бағыттағы міндеттеме 95 пайызға орындалған. Бұдан бөлек 10 көпір мен 64 су өткізетін құбырлар құрылысы қолға алыныпты. СОБ, байланыс құрылғылары және 27,5 кВ айналма электрмен жабдықтау линиясы бөлшектеніп жатса, 1282 дана байланыс желісінің тірегі орнатылған. Темір жолдың үстіне төселетін 70 км рельс-шпал торкөздері жиналған. Мамандар бүгінгі таңда 113,5 км темір жолдың 67 км салынғанын және де 35 жиынтық бағыттағыш бұрманың 19 жиынтығы төселгенін мәлімдеп отыр.