Осы жазда Ақтөбе жол дистанциясына қарасты Бестамақ – Алға теміржол телімінде 15 км жуық жол күрделі жөндеуден өтті. Ақтөбе жол дистанциясынан хабарлағандай, аталған екі станция аралығындағы 1815-1830 км арасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Тамды – Ақкемер телімінің 1842–1852 шақырымдары аралығында он шақырымдай жол аралығына орташа деңгейдегі жөндеу жұмыстары жасалды. Бірқатар жол аралықтарында темір-бетон брусь ауыстырылды, бұрмалар қалпына келтірілді. Алға станциясының басында жүз метрлік жол аралықтары жөнделді. Жалпы, дистанция бойынша темір-бетон шпал төселген 85 км жолда жоспарлы-ескерту сипатындағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 30-ға тарта бұрма қалпына келтірілді. Рельстердің түйіспесі дәнекерленді. 5 шақырым жерге малдан қорғайтын қоршау тұрғызылды.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе