Райхан РАХМЕТОВА
Өндіріспен танысуда
1 мин чтения
Астана белгі беру және байланыс дистанциясына келген болашақ байланысшылар, теміржол колледжінің студенттері өндіріспен танысуда.
Жалпы «ҚТЖ» компаниясы мен көліктік білім беру саласындағы оқу орындары арасындағы келісімшарт негізінде жыл бойына темір жол мекемелеріне студенттер келіп тәжірибеден өтіп тұрады. Өткен апта Астана көлік колледжінің РЭТ мамандығы, яғни, радио электроника және автоматика саласында оқитын бірінші курс студенттері саламен танысу мақсатында дистанцияда экскурсиядан өтуге келген. Оларды бастап келген кураторлары Ғалия Қалиеваның айтуынша, бір топтағы 21 студент дистанцияда екі мезгілде келіп, тәжірибеден өтуде. Теміржол колледжіне біреу арман-мақсатпен түссе, бір жастар ата-анасының айтуымен, біреудің итермелеуімен келеді. Сосын қайда, не істеп жүргенін білмейді. Сондықтан бірінші курс студенттерімен кездесу себебіміз – олардың оқып жатқан мамандықтарына деген қызығушылығын арттырып, іс жүзінде жұмыстың қандай болатынын көрсету. Бізде оларды арнайы бөлінген қызметкерлеріміз қабылдап, техникалық кабинетте алдымен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Темір жол саласы туралы түсініктерін қалыптастырып, оның қауіпті аймақ екенін, мұнда қызмет етудің сан алуан қыры бар екенін айтамыз, – дейді дистанцияның оқыту шеберінің міндетін атқарушы Райгүл Ідірісова.