Қазанның 30-нан  бастап Астана халықаралық әуежайы күзгі-қысқы навигацияға көшеді. Яғни, әуежайдың барлық қызметтері күзгі-қысқы кестеге көшу сатысында.           Оған дейін 1,5-2 ай бұрын басталатын іс-шаралардың кешені аясында арнайы техникаға, механизацияға, әуеайлақты және ұшу-қону жолағын күтіп ұстауға, оны төмен температура және жаман көрініс жағдайларында ұшу жарамдығында ұстау үшін қажетті құралдарға ерекше көңіл бөлінуде. Ұшу жұмысын жоғары дәрежеде ұйымдастыру үшін навигация процесінде әуежай реагенттер мен мұздануға қарсы сұйықтықтың едәуір көлемін сатып алды. Қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында әуежайда 2016-2017 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша жоспарлы іс-шаралар өткізілді. КҚК дайындалу бойынша іс-шаралар жоспары әуежайдың барлық бөлімшелерін қамтиды. Аталған жоспар аясында әуеайлақты күтіп ұстау және әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін жерүстіндегі арнайы техника байқауы өткізілді. Аталған іс-шара жыл сайын ұйымдастырылады. Барлық көлік техникалық қызмет көрсетудің жоспарлы, маусымдық түрлерінен және жөндеу жұмыстарынан өтті. Бұдан басқа, мұздануға қарсы қолданылатын техникаға штаттық қызмет көрсету жүргізілді. Қысқы навигация маусымына қажетті ұшақтарды мұздануға қарсы сұйықтықпен өңдеу үшін қысқы кезеңнің басына 7 арнайы машина дайындалды. Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуеайлақтың жасанды жабындары жөнделіп, ұшу алаңы таңбаланып, әуе кемелерінің тұрақ орындары жаңартылды.  Бұдан бөлек, жолаушылар терминалдарында жылы режимді сақтау және жылумен жабдықтау жүйесінің дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қолданды. Қауіпсіздік мәселелеріне ерекше бөлінеді. Өрт сөндіру, іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша өрттен құтқару және авариялық ққтқару топтарының жеке құрамымен тәжірибелік оқу-жаттығулар жүргізілді.

Ұлан ОРАЗ