Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Көтергіш құрылғылар сынақтан өтті
1 мин чтения
Темір жол саласында өндіріске қолданылатын техникалар мен құрал-жабдықтарды белгіленген уақыт аралығында сынақтан өткізіп, олардың жұмысқа жарамдылығын тексеру жүргізіледі.
Қазан айында Қызылорда қалпына келтіру пойызының ЕДК-1000/2, көтергіш краны Қандыағаш қалпына келтіру пойызының сынақ алаңында кезекті тексеруден жоғары бағамен өтіп келді. 25 тонна салмақ көтеретін ЕДК-1000/2 краны 25 пайыздық статикалық сынамада 153 тонна, 10 пайыздық (137,5 тонна) ауырлықпен динамикалық сынамадан ойдағыдай өтті.
– Көтергіш кранның кезекті толық техникалық сәйкестендіру сынамасында ұзындығы 22 метр, 36 мм диаметрлі 2 дана тростарының техникалық талапқа сәйкестігі, қолданысқа жарамдылығы, кран жебесінің (стрела) жарылу, майысу, шіру секілді каррозиялық өзгерістерден амандығы анықталып, тежегішінің жұмысы толық техникалық сәйкестендіру талаптарына лайықтығы тексеруден өткізілді. Сынама жұмыстарында көтергіш кран-машинисі Ғабит Дінбаев өзінің мол тәжірибесі арқылы кранның толық техникалық сәйкестендіру талаптарына сай екендігін дәлелдеп көрсете білді, – деді Қызылорда қалпына келтіру пойызы кран-машинисті көтеру жабдығы шебері Берік Әбжаппаров.