Нұрсая НҰРЛАНҚЫЗЫ
Байланысшылардың білім байқауы
1 мин чтения
Астана белгі беру және байланыс дистанциясының қызметкерлері арасында Нормативтік-техникалық құжаттамадан білімді сынайтын байқау өтті.
Дистанцияның 11 электромеханигі қатысқан байқауға қатысушылар құжаттама толтырудағы білімдерін сынау үшін 30 сұраққа тест түрінде жауап берді. Соның ішінде барлық сұраққа дұрыс жауап берген байланыс бойынша электр механигі Райгүл Ідірісова бірінші орынды алып, 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды. Екінші орынды 25 сұраққа дұрыс жауап беріп, сонша балл жинаған РТУ электр механигі Татьяна Заева алды. Ал үшінші орын балдық көрсеткішіне қарай Дөңес постының электр механигі Сергей Тихомировке берілді. Байқауға дистанцияның кәсіподақ ұйымы демеушілік етіп, жүлдегерлер ақшалай марапаттарға ие болды.
Ұлттық компанияның «Жол картасы» бағдарламасы бойынша осымен екінші жыл өткізіліп отырған байқауда байланысшылар қауіпсіздік, ТПЕ-техникалық пайдалану ережелері, белгі беру нұсқаулығы, пойыздар қозғалысы нұсқаулығынан білімдерін сынап, мекеменің директоры, бас инженері, оқыту шебері тарапынан қойылатын сұрақтарға жауап береді.