«ҚТЖ» ұлттық компаниясы Магистральдық желі дирекциясы Өндіріс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және экология департаменті осы салада ұлттық компанияның бірыңғай саясатын жүзеге асыру мақсатында құрылған болатын. Департаменттің міндеті – филиал жұмысшыларының өндірістік жарақат алу, кәсіпке қатысты ауруға шалдығуының алдын алу, өзі мен айналасындағылардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау бойынша нақты шаралар алу сынды еңбек қорғау, өндірістік қауіпсіздік нормалары мен ережелерін мүлтіксіз сақтауын қалыптастыру болып табылады. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін жұмысшыларды ықтимал қауіп-қатер деңгейін азайту, оны алдын ала болжау, сол бойынша ескерту беру, бағалау және қауіпті ажырата білуге,  сонымен қатар жұмыс орындарында зиянды өндірістік факторлардан қорғау шараларын жасауға үйрету керек.  – Бүгінгі таңда Департаменттiң алдына қойған міндеттеріне еңбек қорғау мен қауiпсiздiкке арналған ұйымдастыру-техникалық шараларын өткізу, дирекциялармен филиалдардағы қауіпсіздік пен еңбек қорғау бойынша жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру, сонымен қатар осы салада жұмысшылардың нормативтік құқықтық актілерді талап етуін қадағалау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру жұмыстары кіреді. Сондай-ақ менеджмент жүйесін жетілдіруге атсалысу мен жұмысқа қабілеттілікті қамтамасыз ету міндеті де бар, –  дейді өндірістік қауіпсіздік, еңбек қорғау және экология департаментінің директоры Тілеген Смағұлов. Экологиялық менеджмент бойынша жыл сайын Дирекция көлемінде табиғатты қорғау қызметі жөнінде Жоспар жасалып, бекітіледі. Бұл жоспарда қоршаған ортаға зиянды әсерлерді, табиғатты өндіріс қалдықтарымен  ластауды азайту, табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану, қоршаған ортаның ластануын  бақылауға алу, нормативтік экологиялық құжаттама жасау, қоршаған ортаны қорғау бойынша ұйымдастыру жұмыстарына жауапты персоналды оқыту шаралары қарастырылған. 2016 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша еңбек шарттары бойынша  өндірістік нысандардың 95%-ы аттестацияланған. 2017 жыл бойына қайта пайдалануға берілген темір жол телімдеріндегі қалған 5 пайыз жұмыс орындарын аттестациялау жоспарлануда. 

Ұлан ОРАЗ