«Командама риза болдым...»

Новости
25.05.2016, 11:23
            Жуырда Қазақстан Ұлттық арнасының жобасы – «Білгірлер бәйгесіне» «Қазақстан темір жолы» компаниясының жастары қатысып, интеллектуалдық сайыста бақ сынағаны туралы жазғанбыз. Телешоу алдағы күндері Қазақстан телеарнасының сенбілік бағдарламасынан көрсетілмек.   «Қазтеміртранс» АҚ – Жүк вагондары операторы департаментінің менеджері  Мақсат Кеңесбаев «ҚТЖ тарландары» командасының топ басшысы болды. Біз команда капитанына  сайысқа қатысты бірнеше сауал қойған едік. – Мақсат, «Білгірлер бәйгесі» сайысына қатысу ұнады ма сізге, жалпы жоба жайлы кеңірек айтып беріңізші... –Ұлттық арнадан көрсетілетін аталмыш жобаның түсіріліміне сәуір айының аяғы мен мамыр айының басында қатыстық. Жалпы жобаның, яғни бағдарламаның мақсаты – әр түрлі жастағы қоғам  мүшелерінің ой-өрісін арттыру, бағдарлама арқылы түрлі саланы аудиторияға таныту болып табылады. Хабарға екі топ қатысады. Әр топтың бес мүшесі болады. Қатысушылар студенттер, оқушылар, түрлі мекеме қызметкерлері, мәселен банк, оқу орындары, халыққа қызмет көрсету орындарының жұмыскерлері бір-бірімен топ болып өзара сайысқа түседі. Жоба қонағы теміржолшылар болған бұл жолғы сайысқа ҚТЖ сынды алып компанияға қатысты мекемелер мен филиалдарда еңбек етіп жүрген, Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген білікті мамандар қатысты. «Қазақстан темір  жолы»  ҰК-ның намысын арқалап, Венера Ахметова, Ақмарал Байғабылова, Алдаберген Кемпірбаев, Дастан Абылов сынды жалынды жастар «ҚТЖ тарландары» деген топ құрып бардық. Әр сала бойынша жан-жақты дайындалғандықтан, 32 команда бақ сынасқан сайыста 2 кезеңнен сүрінбей өтіп, ең үздік деген 8 команданың құрамына ендік. – Басты қарсыластарыңыз кімдер болды? – Қарсыластарымыз да осал болған жоқ.  «ҚазАгро» сынды компаниялардың қызметкерлері, Назарбаев, ҚазҰУ сынды оқу орындарының мамандары, «Болашақ» қауымдастығының мүшелерімен интеллектуалдық тур, видеосұрақ, қисынын тап, капитандар сайысы бойынша сынға түсіп, тарих тылсымы, аспан әлемі, ән мен күй, саясат сыры, техника тілі, жаратылыстану, кино және театр, салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беріп, ширек финалға өттік. – Кімдер қолдау көрсетті? –«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы, жастар бастамасына қашан да қолдау көрсететін  «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы, кәсіподақ ұйымы, сондай-ақ, жалпы сайысқа қатысқан жас қызметкерлердің қай-қайсысы болсын еңбек ететін ұжым қолдаушымыз болды.  Жастар саясатын жүзеге асыру жолында жүйелі жұмыстар жүргізіп келе жатқан ҚТЖ-ның даңқын білетіндер өнерімізге қуана қол соқты. Тілектес болып, рухани демеу берген жанкүйерлерімізге алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Сондай-ақ әр саланың мамандарын бір арнада «Білгірлер бәйгесінде» тоғыстырып, сайыстырған Ұлттық арна қызметкерлеріне, бізге жан-жақты қолдау көрсеткен ҚТЖ басшылығына  ризашылығымызды білдіреміз. – Команда капитаны болу қиын ба әлде оңай ма? –Оңай немесе қиын деп айтпай-ақ қояйын, бірақ жауапкершілік жүгі өзгелерден салмақты болған соң біраз «терлеуге» тура келгені рас. Бұл тұрғыда сайысқа барын салған команда мүшелері – әріптестеріме шексіз риза болдым... – «ҚТЖ тарландарын» алдағы уақытта да биіктерден көреміз деген үміттеміз? Рахмет, бұйыртса... Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Грузовые перевозки
28.07.2026
КТЖ организовало первую отправку казахстанских удобрений в Великобританию по ТМТМ
Новости
28.07.2026
Подготовка к предстоящему отопительному сезону продолжается в Казахстане
Регионы
28.07.2026
Акция «Безопасный железнодорожный переезд» прошла на станции Мангистау
Регионы
28.07.2026
Новые объекты тягового электроснабжения введены в эксплуатацию на перегонах Жамбылского отделения
Новости
28.07.2026
Обводная линия в обход узла станции Алматы перешла на цифровое управление
Новости / Архив
28.07.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №57 от 28 июля 2026 года
Регионы
27.07.2026
Семинар по пожарной безопасности завершился практическими учениями в Алматы
Регионы
27.07.2026
«Руки вверх» и «Ирина Кайратовна» выступят на Дне работников транспорта в Экибастузе
Новости
27.07.2026
В КТЖ усилили меры пожарной безопасности и готовность к ЧС
Новости
27.07.2026
КТЖ призвало пассажиров соблюдать правила безопасности на железнодорожном транспорте
Регионы
27.07.2026
Условный пожар потушили в вагоне мобильного диагностического комплекса на станции Сороковая
Регионы
27.07.2026
Доску почёта лучших железнодорожников открыли в Павлодарском регионе
Регионы
27.07.2026
Вокзал Сарыбель открылся после реконструкции
Новости
27.07.2026
Миллионный контейнер отправлен по маршруту Россия – Казахстан – Китай
Новости
27.07.2026
Касым-Жомарт Токаев: железнодорожные перевозки между Казахстаном и Россией достигли 92 млн тонн
Новости
27.07.2026
Президентам Казахстана и России представили цифровые проекты в сфере торговли и логистики
Регионы
24.07.2026
Еще два железнодорожных вокзала открылись после реконструкции в Акмолинской области
Регионы
24.07.2026
Профилактический рейд по безопасности на железной дороге прошел на перегоне Уральск – Жилаево
Новости
24.07.2026
При строительстве линии Мойынты – Кызылжар выполнено 93% земляных работ
КТЖ в лицах
24.07.2026
Почетный железнодорожник Игорь Сенчугов отметил 80-летний юбилей