Өткен аптада Жамбыл бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы мамандарының ұйымдастыруымен  семинар өтті.

Темір жол бекетінің жолаушылары, «Қала маңы тасымалы» жолсеріктері және темір жол диспетчерлер қызметі, жедел басқару бөлімінің мамандары қатысқан басқосуда  ҚР  кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 504-V ҚР Заңына түсінік беріліп,  халыққа, тұтынушыларға ақпарат және кеңес беруді, сауаттандыруды жүзеге асыру мақсат тұтылды.  Сондай-ақ, «Ауруханаішілік жұқпалы аурулардың алдын алу» мен «Жіті ішек инфекцияларының алдын алу» жайында семинар ұйымдастырды.

Абзал ТӨРЕБАЙҰЛЫ