Қызылорда облысындағы «Нұр Отан» партиясы филиалдарының 269 Бастауыш партия ұйымдары арасында үздік бастауыш партия ұйымы республикалық байқауында «Теміржол» филиалының Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесі 1 орынды жеңіп алды. Облыстық іріктеу сынында озып шыққан теміржолшылардың екі бастауыш ұйымы жүлделі орыннан көрінді. Біріншісі бөлімшенің «Теміржол» филиалы болса, екінші жүлдегер «Денсаулық» бастауыш партия ұйымы. БПҰ облыстық турында жүлдегер атанған теміржолшылардың қос ұжымына облыстық партия филиалы басшылығы бағалы сыйлықтармен, арнайы дипломмен марапаттап жолдама ұсынды. Енді бөлімшенің персоналмен жұмыс бөлімі басшысы әрі БПҰ төрағасы қызметін қатар алып жүрген Нұрлан Бимұратов алдағы күндерде Астана қаласында өткізілетін партияның БПҰ ұйымдарының арасындағы сынға түсетін болады.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда