Арсен Байзақ, Тараз
Зейнетке шығарып салды
1 мин чтения
Күні кеше ғана Жамбыл атауы Тараз болып өзгертілген облыс орталығындағы ірі станция ұжымы тауар кеңсесінде 20 жыл аға жүк қабылдаушы болып еңбек еткен Зоя Ахатаеваны зейнетке құрметпен шығарып салды.
Шарада сөз алған станция бас инженері Қанат Қыдырбаев Зоя Малгежарқызының ұжымға сыйлы, өз ісінің білікті маманы екенін айта келе, оның ізін басып келе жатқан жас мамандарға үйретері көп екендігін де тілге тиек етті.
Өзіммен үзеңгілес әріптестерім аға жүкті қабылдаушы Ақлима Абрашова, Салтанат Кашимова сынды білікті мамандармен етене жұмыс жасағанымды мақтаныш етемін. Жалпы, біздің қыздардың барлығы мақтауға тұрарлық еңбекқор жандар. Қазір салада көп өзгерістер бар, жаңа инновация, технология енді. Бұл дегеніңіз өндірістік көрсеткішті еселеуге көп көмек беруде. Темір жол саласының қарқынды дамуы көз алдымызда өтіп жатыр. Баршаңызға көп рахмет! – деп жүрекжарды лебізін білдірген Зоя Ахатаеваға бас инженер Қанат Қыдырбаев қазақы дәстүрмен иығына қамзол жауып, ұжымы құрмет көрсетті.