Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Өнімнің өзіндік құнын азайтпақ
1 мин чтения
Ақтөбе рельсарқалық зауыты өнімнің өзіндік құнын азайту мақсатында болат құю зауытын салмақ ниетте. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің биылғы жыл 9 айының жұмысын қорытындылау жиынында мәлім болды.
Облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов Ақтөбе рельсарқалық зауыты, өндіретін рельс өнімдерін өткізуге жаңа нарықтарды игеру керектігін айтады.
Ал биыл аталған кәсіпорын шығаратын өнім көлемі 100 мың тоннадан аспауы мүмкін. Сондықтан салалық басқарма өнімді жаңа нарықтарға шығару үшін жұмыстар жасап, бұрынғы келісілген нарықтардан өзге, жаңа сатып алушы іздестіруі қажет, – дей келе облыс әкімінің орынбасары, зауыттың толық қуатын пайдалану керектігін айтады.
– Мәселен, рельсарқалық зауыты жылына 200 мың тоннадан астам рельс, 200 мың тонна фасонды өнім шығара алады. Таяуда кәсіпорынның құрылтайшыларымен кездестім. Олар қуатты пайдалануға дайын. Жылына 600 мың тонна өнім шығара алатын мүмкіндіктері бар екен. Тек бір шарт қойып отыр: жаңа келісімшарттар болу керек, – дейді баяндамашы.
Жалпы, Ақтөбе рельсарқалық зауытында алдағы уақытқа тың жоспарлар бар екен. 100 мың тонна өнімді жеткізу жөнінде Ресеймен келісімшарт жасалған. Өзбекстанға 30 мың тонна рельс өнімдерін шығармақ. Ал тауардың өзіндік құнын азайту мақсатында кәсіпорын жанынан болат құю зауытын салу жоспарланып отыр.