Тың нысандар тұсауы кесілді

Новости
09.12.2016, 11:05
Үстіміздегі жылдың 6 желтоқсанында Астанада «Қазақстанның жаңа индустриализациясы: тұрақты даму және прогресс үшін» атты жалпы ұлттық телекөпір өтіп, оның барысында Елбасы «Қазақстан темір жолы» ұлттық  компаниясына қарасты стратегиялық маңызы бар бірнеше нысанның тұсауын кесті. Соның алғашқысы Алматы – Шу теліміндегі екінші жол құрылысы.  Алматы өңірінен тікелей эфирге шыққан Алматы жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Съезбек Әлішев: –Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Алматы – Шу темір жолы жолаушылар мен транзиттік жүктерді өткізетін маңызды жол торабы. Ел экономикасы өскен сайын жүк пен жолаушы тасымалына сұраныс артып келеді. Осыған орай, Сіздің тапсырмаңызбен, «Нұрлы жол» экономикалық бағдарламасы аясында екінші жол құрылысы жүзеге асырылуда. Құрылысқа 90 пайыз отандық өндіріс материалдары пайдаланылды. Аса мәртебелі Елбасы, биылғы жылдың тамыз айында сізге таныстырылған отандық жаңа үлгідегі кең қорапты жолаушылар вагондары да сертификаттау сынағынан өтіп,  бүгін пайдаланылуға дайын тұр, – деп мәлімдеме жасады. Бұдан кейін  қуаты 5,1 миллион тонна жүкті ауыстырып тиеуге жететін мұнайлы түбек Маңғыстаудың  Құрық паромдық кешені басына жиылған жұрт байланысқа шықты. «Құрық порты» ЖШС бас директоры Абай Түрікпенбаев, бүгін іске қосылғалы отырған Құрық портындағы паромдық кешен Транскаспийлік халықаралық дәлізде көліктік-логистикалық жүйенің маңызды буыны болып табылатынын жеткізе келіп: – Біз темір жол және порт инфрақұрылымы құрылысын түбегейлі аяқтадық. Бүгін біз бірінші темір жол құрамының жүгін тиеуге дайынбыз. Құрметті Елбасы, Алматы – Шу жаңа темір жолы бойымен Тұлпар-Тальгоның бірінші жолаушылар құрамдарын тіркеген пойызды жіберуге және паромға вагондарды тиеуді бастауға рұқсат етіңіз! – деді. Қос нысанның іске қосылуына пәрмен берген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, «Нұрлы жол» экономикалық бағдарламасы шеңберінде салынып, іске қосылып жатқан көлік объектілерінің аса маңызды, қажет екенін атап өтті. –Алматы – Шу теліміндегі екінші жолдар пойыздардың өтуін екі есе арттырады. Бұл жолға сұраныс бұрыннан бар еді. Ертерек салуға қаржы болмай келді. Міне, қазір оны жүзеге асырдық. Құрық бұл біздің Кавказ бен Еуропаға шығар жолымыз. Бұл да көптен күткен жоба. Ол ел үшін, даму үшін, индустрияландыру үшін аса қажет. Баршаңызды Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңындағы үлкен табыспен құттықтаймын. Еліміз тарапынан жасалып жатқан сыйлық бұл. Бәріңізге жемісті еңбек тілеймін! – деп Елбасы жаңа іске қосылған нысандар жұмысына, онда жұмыс көрігін қыздыратын еңбеккерлер қауымына сәттілік тіледі. Телекөпір барысында республиканың сапа саласындағы «Алтын сапа» сыйлығы, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы, «Ұлы дала елі» байқауы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2016» байқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі болды. Биыл еліміздің барлық өңірлерінен 23 жоба іске қосылды. Телекөпір барысында тағы бір білгеніміз,  Индустрияландыру бағдарламасы іске асқалы ірілі-ұсақты 961 кəсіпорын іске қосылған. Ашылған жұмыс орындарының саны 90 мыңнан асып, аталған жобаларға 4 трлн теңге жұмсалған. Нəтижесінде, «Қазақстанда жасалған» маркасымен 7 трлн теңгенің өнімі өндіріліпті. Дүниежүзілік банк рейтингісі бойынша кәсіптен нәсіп табу жолында Қазақстан 190 елдің ішінен 35-ші орынға табан тіреген. Бұл – жоғары көрсеткіш. Алайда, Елбасы арқаны кеңге салмай, ілгері алға жылжу жолында тынымсыз тер төгу керектігін жиынға жиналғандарға құлаққағыс етті. Жалпыұлттық көпір соңында Елбасы өз қолымен «Парыз» байқауының Гран-при алған жеңімпазын және «Алтын сапа» байқауының арнайы сыйлығын, негізгі үш аталым   «Сапа көшбасшысы», «Ең үздік индустриалдық жоба», «Ең үздік инновациялық жоба» бойынша көшбасынан көрінгендерді марапаттады.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области