Дана КҮНТУ
Ханшатырдың «шаңын» шығарды
1 мин чтения
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында VII Республикалық форумына жиналған ҚТЖ жастары Ханшатырда флешмоб билеп, көпшілікті таңқалдырды.
Елдің әр өңірінен жиналған 150 жас теміржолшылар еуропалық «буги-вуги» биін билеп, ойын-сауық орталығының салтанатын асырды. Астанаға келген сапарларының алғашқы күнінен бастап қызу дайындыққа кіріскен жалынды жастар флешмобты сәтті алып шықты. Киімдері билерімен үйлесім тапқан теміржолшы жастар «ҚТЖ» атымен ұрандатып, өздерінің теміржолшы деген абыройлы мамандық иелері екендіктерін танытты.
–Форумға келгеніме өте қуаныштымын. Көптеген достар таптым. Теміржол саласымен тағдырын тоғыстырған жастар үшін көп нәрсе ортақ екеніне көз жеткізіп қуанышқа кенелдім, – деп ой бөлісті Қарағанды қаласынан келген жүк кассирі Сәния Мергембаева.
Флешмоб соңында естелікке суретке түскен жастар, «Сахил» мейрамханасында бас қосып, қоштасу рәсімін жасады.