Машина жасау саласының жетістіктері

Новости
20.12.2016, 10:20
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерінің шоқтығы биік шыңы – Машина жасау саласында қол жеткізген табыстары десек артық емес. Бүгінде темір жол көлігінің машинажасау саласы жылжымалы құрамның бірнеше түрін жасайтын зауыттар мен жол құрылысының қажетті материалдарын шығаратын өндіріс орындарымен мақтана алады. Локомотив құрастыру зауыты   «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ «Қазақстанның Күшейтілген Индустриялы Инновациялық Дамуы» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2009 жылғы 3 шілдеде құрылды.        «ҚТЖ» ҰК қызметкерлері 2006 жылы General Electric американ компаниясымен уағдаластық жасағаннан кейін, аймақтың климаттық ерекшеліктерін, рельстік төсемін, тасымалданатын жүктердің ерекшеліктерін, қазіргі экологиялық талаптарды және санитарлық нормаларды ескере отырып қазақстандық тепловоз сай болатын техникалық сипаттама әзірлей бастады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі: Қазақстанда жиналған ТЭ33А - Evolution сериялы бесінші ұрпақты бірінші жүк магистарльды бір секциялы тепловоздың тұсау кесері 2009 жылғы 7 желтоқсанда болып өтті. Бүгінгі күнде кәсіпорын конвейерінен ТЭ33А локомотивтерінің 180 бірлігі шықты. Зауыттың жобалық қуаты жылына 100 жүк магистарльды локомотивтерді құрайды. «ЛҚЗ» АҚ 2012 жылдың мамыр айынан бастап толық қуатына көшті – айына 8 тепловоз. Электровоз құрастыру зауыты          2012 жылғы желтоқсан айында ҚР Президентінің, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Alstom, «Трансмашхолдинг» ЖАҚ басшылықтарының және ТМД елдерінің теміржол әкімшілігі басшыларының қатысуымен электровоздарды құрастыру зауыты салтанатты түрде ашылды. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаттылығы 100 ауыспалы тоқтағы KZ8A магистралды жүк электровоз бен ауыспалы тоқтағы KZ4AТ жолаушылар электровозын, өндірістік объектінің жалпы көлемі аумағымен қоса алғанда 7,5 Га құрайды. Өндірістік үй-жайлардың көлемі - 27 522 м2, әкімшілік-тұрмыстық корпус көлемі 3.500 м2. Зауыт жұмысшыларының толық қуаттылығы кезіндегі жалпы саны – 650 адам. Жұмыс істейтін кәсіпорындармен барынша кооперация жасау және көліктік-машина құрылысы кластеріне интеграция жасау мақсатында зауыт «Астананың индустриалды паркі» арнайы экономикалық аумағында орналасқан, ол сондай-ақ кәсіпорынға салықтар мен кедендік баждарды төлеу бойынша жеңілдіктер береді.  «Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойыздарын құрастыру зауыты            2011 жылы Астана қаласында ТМД елдерінде баламасы жоқ «Тұлпар-Тальго» жолаушылардың жүрдек вагондарын шығаратын зауыт салынды. Оның құрылысын «ҚТЖ» АҚ мен «Patentes Talgo» испандық компаниясы бірлесіп жүргізді. Жоба ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен үдемелі индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған. Өндіріс ғимаратының жалпы көлемі 31 мың шаршы метрді құрайды. Зауыттың жылдық өндірістік қуаттылығы – 150 вагон. «Тұлпар-Тальго» вагондарының өндірісінде сапаның Еуропалық стандарттарына сәйкес қазіргі заманғы озық технология мен материалдарды пайдалану нәтижесінде сағатына 200 шақырым жылдамдыққа жетуге мүмкіндік туды. Вагондарды пайдалану мерзімі  - 40 жыл. Ақтөбе рельсарқалық зауыты       ҚР Үкіметінің 2014 жылдың 24 ақпанындағы №126 Қаулысына сәйкес «Ақтөбе рельсарқалық зауыты» ЖШС-нің «Ақтөбе қаласында жобалық қуаты жылына 430 000 тонна рельсарқалық зауытының құрылысы» жобасы «Қазақстанның Индустрияландыру картасына» енгізілді. 2014 жылдың нәтижелері бойынша «АРБЗ» ЖШС  «Жылдың ең үздік индустриалдық жобасы» номинациясында ҚР Президентінің «Алтын Сапа» арнайы сыйлығының иегері атанды.     «АРБЗ» ЖШС-нің өнімі: ұзындығы 120 м дейінгі Р-65 рельстері, орта пішінді илек. Зауыт қызметінің негізгі бағыты – жоғары жылдамдықты теміржол магистральдерін салуға арналған рельстер шығаруды ұйымдастыру және де отандық кәсіпорындарды әлемдік стандарттарға сай келетін жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету. Зауыттың жобалық қуаты – 430 мың тонна дайын өнім, оның ішінде 200 мын тонна рельс және 230 мың тонна пішінді илек, қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін толықтай қамту және экспорттық жабдықтауларды жүзеге асыру жоспарланған. Зауыт шығаратын 120-метрлік жоғары ұзындықты рельстердің ТМД аймағында баламасы жоқ және олар жоғары жылдамдықты магистральдарға арналған.

Райхан Бауыржанқызы

Регионы
22.07.2026
Реконструкция железнодорожных вокзалов завершена в Мангистауской и Павлодарской областях
Новости
22.07.2026
Минтранс поручил перевозчикам до конца года обеспечить пассажирские поезда доступом к интернету
Регионы
22.07.2026
Новые модульные здания для железнодорожников установлены на станциях Екибастуз-1 и Майкайын
Новости
22.07.2026
Семь поездов временно перестанут останавливаться на вокзале Алматы-1 из-за реконструкции
Новости
22.07.2026
ЕЭК отложила введение обязательных навигационных пломб в странах ЕАЭС до 2028 года
Новости
21.07.2026
Единое информационное пространство ЦЖС: все корпоративные сервисы — в одном месте
Спорт
21.07.2026
Железнодорожник поднял флаг КТЖ на вершине Эльбруса
Новости
21.07.2026
Пожарный поезд КТЖ принял участие в тушении пожара в Алматы
Грузовые перевозки
21.07.2026
ТОО «КТЖ – Грузовые перевозки» продолжает обновление локомотивного парка
Новости
21.07.2026
Зампред КТЖ представил в Австрии проекты по развитию транспортных коридоров
Инфраструктура
21.07.2026
КТЖ обновило 686 км железнодорожного пути
Новости / Архив
21.07.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №55 от 21 июля 2026 года
Пассажирские перевозки
20.07.2026
Женский вагон появится в поезде Тальго №81/82 «Нурлы жол – Орал»
Инфраструктура
20.07.2026
КТЖ ускоряет строительство железнодорожной линии Дарбаза – Мактаарал
Регионы
20.07.2026
Систему Trip Optimizer внедрили в Оскеменском эксплуатационном локомотивном депо
Социум
20.07.2026
Сотрудница КТЖ создала волонтёрский проект «Аяла» для помощи недоношенным детям
Регионы
17.07.2026
Завершена реконструкция железнодорожного вокзала Жаксы
Новости
17.07.2026
КТЖ проводит республиканские акции по безопасности на железной дороге
Новости
17.07.2026
АО «Қазтеміртранс» приобретет 13 тысяч грузовых вагонов до 2032 года
Пассажирские перевозки
17.07.2026
АО «Пассажирские перевозки» получило сертификаты по четырём стандартам ISO