Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Беларусь биржасына тіркелді
1 мин чтения
Ақтөбе рельсарқалық зауытының өнімі Беларусь тауар биржасына тіркелді.
Бұл жөнінде зауыттың директоры Андрей Кузьмин хабарлап отыр. Оның айтуынша, Беларусь Қазақстанда өндірілген өнімді сатып алуға дайын.
–Біздің өнім жоғары сапасымен ғана емес, қолданылу ұзақтығымен де тартып отыр. Бұл зертхана жағдайында циклдық сынақтар кезінде расталды, – дейді зауыт директоры.
Андрей Кузьминнің айтуына қарағанда, ауқымды көлемде рельс өнімдерін Өзбекстан мен Тәжікстан да сатып алмақ. Нақты келісімшарттар бар.
–Біздің рельс – дифференцияланған, термотығыздалған, ауыртпалығы жоғары жолдарға да төсеуге болады. Оның бірегейлігі де осында. Ұлттық стандарттарды сертификаттауға арналған барлық сынақтан өтті. Бұл сынақ өз кезегінде еуропалық сапа стандарттарына сәйкестендіру үшін де жол ашты, – дейді ол.
Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбе релльсарқалық зауыты Ресей мемлекеттік стандарттарына сай сертификатталған болатын. Оған сәйкес, аталған стандарттар қолданылатын елдерге рельсарқалық зауытының өнімдерін саудаға шығару мүмкіндігі пайда болды.