Маңғыстау ауданының Мәдениет үйінде жылдағы дәстүрге сай  "Жыл адамы – 2016" номинациясы бойынша әр саланың жеңімпаздары анықталды. Маңғыстау ауданының әкімі Ж.Айтуаров "Жыл адамы – 2016"  байқауының жеңімпаздарын марапаттап, арнайы Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады. «Жыл  құрылысшысы», «Жыл  мұғалімі», «Жыл спортшысы», «Жыл дәрігері», «Жыл медбикесі», «Жыл тәрбиешісі», «Жыл полицейі» сынды аталымдармен марапатталған мамандардың қатарында 30 жылдан астам еңбек өтілі бар  вагон қараушы Аманжол Балғамбайұлы «Жыл теміржолшысы»  атанды.  59 жастағы жігіт ағасы Шетпе станциясындағы  400-ден астам теміржолшының бірі. Солардың арасынан таңдау түсіп отырған  теміржолшы өз ісінің хас шебері, тәлімгер ұстаз болумен қатар отбасында ардақты әке, аяулы жар  атанып отырған ортасына сыйлы, мақтаулы азамат.  

Әсел ТАҢАТАРОВА

Маңғыстау