Облысымыздағы он мыңнан астам теміржолшыларды жұмыспен қамтып отырған үлкен сала – Қызылорда темір жолының қызметкерлері  Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттарымен кездесті. Кезекті жұмыс сапарын Сыр өңірі теміржолшыларының ахуалымен танысу, Парламент қабырғасында қабылданып, талқыланып жатқан заңдармен теміржолшыларды таныстыру, мемлекеттік бағдарламалардың жергілікті жерлерде жүзеге асу барысымен танысу мақсатында ұйымдастырылған кездесуде жергілікті теміржолшылар өздерін толғандырған әлеуметтік бағыттағы сауалдарын мәжілісменге жолдап, тиісті жауаптар алды. Парламент Мәжілісі депутаттарымен кездесу барысында темір жол саласы қызметкерлері заңнамалық тұрғыда шешуді қажет ететін жалақы мөлшерін көтеру, жұмыстың ауырлығына байланысты зейнет жасын төмендету секілді мәселелер мен өздерін толғандыратын ойларын ортаға салды. Мәжіліс депутаттары кездесу барысында көтерілген мәселелерді үкімет назарына және тиісті органдардың қарауына ұсынатынын жеткізді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда