Шеберлік сабағын өткізуде
Новости
10.01.2017, 11:35
Семей вагон пайдалану депосының аға вагон қараушысы Бекболат Мұстафин басшылықтың сұрауымен жастар арасында өз білім-тәжірибесімен бөлісіп, қазіргі түсінікпен айтқанда «мастер класс» өткізуде.
Бекболат Мұстафиннің темір жол саласына келгеніне 30 жылдан асып барады. Алғашқы еңбек жолын пойыз құрастырушысы болып бастаған бүгінгі жігіт ағасы кейіннен вагон қараушысы қызметіне ауысып, тапжылмастан 24 жол бойы ВЧД-23 мекемесінде қызмет атқарып келеді. Өткен 2015 жылы вагон арбасының бүйір рамасының 10 ақаулығын тауып, бөлімше бойынша жыл рекорд орнатқан болатын. Бұл қырағылығы басшылық тарапынан ескеріліп, «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Ал биылғы жылы аға вагон қараушысы дәл осы бүйір рамасының 7 кінәратын тауып, тағы да үздік атанды.
–Бүйір рамасының ақаулығы көп жағдайда зауыттың кінәсінен орын алады. Күрделілігі сол, анықтауға қиын, көзге ілінбейтін тұстардағы сызат кейіннен жарықшаққа айналып, оның соңы апатқа әкелуі мүмкін, – дейді тәжірибелі аға вагон қараушы.
Бекболат Қапанұлының кәсіби тұрғыдан бөлісері көп. Оның бұлжымас міндеті бойынша пойызды қарсы алған вагон қараушысы бірінші кезекте вагоннан шығатын дыбысқа құлақ түруі керек. Дөңгелек білігінде немесе жақтау рамасында жарықшағы бар вагондардың жүріс кезіндегі дыбысы өзгерек болады. Одан соң вагонның сыртқы тұрпатына мұқият көз тіккен жөн. Ақаулығы бар жүк тиелген вагондар көп жағдайда бір бүйіріне қарай сәл қиғаштай қисайыңқырап тұрады.
–Мұнымен қатар әрбір қызметкерде ұлғайтқыш әйнек лупа, қалам мен шағын қойын дәптер, арнайы айна және тәуліктің жарық мезгілінде де қол фонары болуы міндетті, – дейді Бекболат Мұстафин. – Сондай-ақ, әр вагон қараушысы орталықтан жіберілетін жеделхаттар деректерін мұқият қаперде ұстағаны жөн. Мәселен, айталық 6333 нөмірлі бүйір рамасының сынғаны туралы хабар келіп түсті ме, дәл осы нөмірлі бөлшекке аса мұқият болу қажет. Себебі, олардың барлығы да зауыттан бір партиямен шығатындықтан сенім жоқ. Мұндай бөлектер көбінесе аязды күндері сыр береді.
Бекболат Қапанұлы әр вагон тексеруші осыған дейін сыр берген бүйір рамаларының нөмірлерін жатқа білу қажет деп санайды. Сонымен қатар, маманның пікірінше, тәжірибелі вагон қараушылардың бойында интуиция қалыптасады екен. Мысалы, көп ретте ақауы бар вагондардың өзіне тартып тұратынын айтады. Бұл – тылсым жайт.
Аға вагон қараушысы жаңа толқын әріптестері арасында осындай жайттарды әңгімелеп берді. Айтуынша, тәжірибелі вагон қараушылар норматив бойынша небары 1 минут 20 секунд ішінде бір вагонды толық сүзіп шыға алады. Әрине, мұндайда уақытқа емес, бірінші кезекте тексеру жұмыстарының сапасына мән берілуі тиіс.
Айта кетерлігі, тәжірибелі мамандардың мұндай шеберлік сабақтары мен семинарлар осыған дейін де өткізілген болатын. Бұл жолы Бекболат Қапанұлы басшылықтың ұйғарымы бойынша желі бойына шығып, техникалық күтім бекеттерінде шеберлік-сыныбын өткізуде. Мәселен, өткен жылдың соңғы күндері екінші сыныпты Дегелең станциясынан іссапардан оралды.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области