Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қазалы
Өлке тарихынан сыр шертеді
1 мин чтения
Орынбор-Ташкент темір жолының бойында қазығы қағылған Қазалы станциясында өлкетану мұражайы ашылды.
Жастарды елжандылыққа тәрбиелеп, тарихты құрметтеуге қызмет етеді делінген мұражай Қазалы көлік-техникалық колледжі қабырғасында ашылуы да тегіннен-тегін таңдамаса керек. Себебі 1929 жылы Қазалы паровоз депосының жанынан ФЗУ болып іргесі қаланған оқу ошағы талай құрылымдық өзгерістерден өтіп, кезінде Ресейден, Украинадан, Белорусиядан мен Башқұртстаннан жастар келіп оқыған, теміржолшы мамандығын алған атақты Қазалы теміржол училищесі болды. Одақтағы теміржол мамандарын даярлайтын санаулы оқу орындарының бірі темір жол тарихымен тығыз байланысты өмір сүргені анық.
Мұражайдың ашылу салтанатына Қазалы торабы теміржолшылары, студенттер және жергілікті теміржолшы отбасы мүшелері жиылыпты.
- Тарихи және заманауи жүниелер жеке жеке топтасрылған бірнеше бұрыштан жасақталған мұражайға бұл бұйымдарды жергілкті теміржолшылар өздері жинақтаған, тіпті үйлеріндегі көнекөз дүниелеріне дейін алып келіп тапсырған, - дейді Қызылордадан келген Ғылыми-техникалық ақпарат және талдау бөлімі басшысы Сарқыт Шакманова.