Теміржолды күрделі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарымен айналысатын Ағадыр машиналандырылған жол дистанциясы өткен жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтады. Жолдарды қалпына келтіруге үлес қосып жүрген дистанцияның құрылғанына көп уақыт болмаса да, алған асулары мен бағындырған белестері жетіп артылады. Мәселен, 2016 жылы олар Қазақстанның барлық өңірлерінде темір жолдарды күрделі жөндеуден өткізіп, 98 км ұзындықты бағындырды, яғни алға қойған жоспарын 100 пайыз орындады.        – Атап айтар болсақ, дистанцияның өткен жыл басындағы жоспарына сәйкес УПЧ-17 мекемесіне қарасты  Шортанды – Төңкеріс теліміндегі 26,9265 км жол, УПЧ-30 дистанциясына қарайтын Майқайың – Қарасор аралығындағы 6,4572 км жол, Үленті – Босшакөл теліміндегі 30,35305 км жол, УПЧ-32 мекемесінің Майқайың – Қарасор телімінің 1-ші басты жолындағы  6,7461км жер, УПЧ-41 дистанциясының қызмет ету аумағына кіретін Жасқазақ – Береке телімінің 13,137 км жол, Бестамақ – Алға телімінің 14,4591 км жол күрделі жөндеуден өткізілді. Аталған жұмыстар жүйелі жоспар мен тәжірибелі жұмысшыларымыздың арқасында дер кезінде аяқталып, тиісті мекемелерге тапсырылды, – дейді мекеме басшысы Назыр Қосубаев.

            Ұлан ОРАЗ