Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Рельс тасымалдауға арналған
1 мин чтения
Ресейлік «РЖД Логистика» компаниясы Ақтөбе рельсарқалық зауытына ұзын рельстерді тасымалдауға арналған арнайы үш тіркеме берді.
Ресейдің экспедиторлық қызмет нарығындағы жетекші компаниялардың бірі «РЖД Логистика» АҚ «Ақтөбе рельсарқалық зауыты» ЖШС пайдалануына ұзын теміржол рельстерін тасымалдайтын арнайы қондырғы табыс етті. Аталған қондырғы әмбебап теміржол платформаларына орнатылып, ұзындығы 25-100 метрлік рельстерді тасымалдауға арналған.
Осыған дейін рельсарқалық зауыты өз өнімдерін арнайы емес жылжымалы құрамның көмегімен, аз мөлшерде тасымалдауға мәжбүр болды. Логистикалық компания ұсынған қондырғының көмегімен көп көлемде тасымалдауға болады. Бұл уақыт жағынан да тиімді, қарды да үнемдейді.
Қазіргі таңда Ақтөбе рельсарқалық зауыты жоғарыда сөз болып отырған қондырғының көмегімен теміржолға арналған термотығыздалған Р-65 маркалы рельстерді тасымалдауда. 2017 жылы еуропалық UIC-60Е1 стандартты үлгідегі рельстер өндіре бастайды деп күтілуде. Бұл өнім де логистикалық компанияның қондырғысымен оңтайлы тасымалданбақ.
Екі тарап алдағы уақытта да Ресей мен Қазақстан компанияары арасындағы серіктестік қатынасты дамыту бағытында ынтымақтасып жұмыс істеуге мүдделілік танытуда.