Шымкент пен Жамбыл бөлімшелерінің ортасындағы түйіспе бекетке жататынТүлкібас станциясы табиғаты көркем, ауасы таза аймақта орналасқан. Жергілікті теміржолшылар оңтүстіктің жер жәннаты атанған  станцияда еңбек ететіндерін мақт ан тұтады.  Станция арқылы ағымдағы жылдың 11 айында 1888 орнына 2069 вагон айналымда болған. Тәулігіне 17 пойыз қабылданып, 19 пайыз жөнелтілген. Күн сайын 3 вагонға 199 тоннаға жуық жүк артылып, 3,7 вагоннан жүк түсірілген.   Бүгінде Түлкібаста жолдарды ұстап тұратын тастанды пойыздар азайған. Келгендері  техникалық талапқа сай уақытымен кетуде. –  Дағдарыс уақыты болғанмен, біздегі жүк айналымы бұрынғыша қалыпты деңгейде. Тасымалды дөңгелетіп тұрған екі кәсіпорынның бірі –«Мелкомбинат Көктерек» ЖШС. Солтүстіктен бидай түсіріп, оны ұнға айналдырған соң айына Өзбекстанға 100 вагондай ұн артады. Екінші әк шығаратын зауыт айына 20-30 вагон өнімін жібереді.  Былтыр осы астықпен айналысатын «Югпищипром» ЖШС тоқтап қалып, биыл қайта іске қосылды. Ауған еліне қарашада 10 вагон, желтоқсанның алғашқы екі күнінде 5 вагон ұн артты. Нанға әр кез сұраныс бар ғой. Сондықтан, астық жіберу қысы-жазы тоқтамайды. Түлкібас ауданы 98 пайыз газбен қамтылғандықтан, қатты отынға сұраныс аз. Осы күзде нәбірі 30 вагон көмір келді, – дейді бекет бастығы Есімжан Заңқоев.   Екінші класты станциядағы он жолдың сегізінде күн сайын 25 пойыз қабылданып, жөнелтіледі. 50 теміржолшысы бар түйіспе бекетте жолдардың бәрі пойыздардың ұзындығына сай жасалған. Әрі келген жүк пен жөнелтетін жүктің де мөлшері бірдей.  Сондықтан, түлкібастықтар қандай да қиындық тудыратын мәселенің жоқтығын айтады.

Динар МЕЙІРМАН,  Түлкібас