Арыста туған Арысбек
Социум
24.08.2016, 12:01
Зулап өтіп жатқан жылдар Оңтүстікке танымал теміржолшы Арысбек Тастанбекұлын да талай белеске шығарып, міне, алпыстың үшеуі – пайғамбар жасына жеткізіп отыр...
Атақты Арыс станциясының іргесіндегі Ақпан бекетінде теміржолшылар отбасында дүниеге келген Арысбектің әкесі Тастанбек бүкіл өмірін жергілікті жол дистанциясында қатардағы жолшы болып өткізген. 1968 жылы Түлкібас станциясындағы мектеп-интернаттың 8 сыныбын бітіріп, Алматы темір жол техникумының «Автоматика, телемеханика және байланыс» бөліміне оқуға түскен теміржолшы Тастанбектің ұлы 1972 жылы оны бітіріп келіп, Шымкент сигнал беру және байланыс дистанциясына жұмысқа орналасады. Кейіпкеріміздің 44 жылға созылған еңбек ғұмырнамасы осылай басталыпты...
Өндірістен қол үзбей Алматы теміржол институтын «Темір жолдарды пайдалану» мамандығы бойынша сырттай оқып бітірген Арысбек 1979 жылы мамандығын ауыстырып, Бадам станциясында кезекші болып орналасады. 1984 жылдары Бадам станциясында кезекші, одан бөлімшенің қозғалыс бөлімінде пойыз диспетчері, бөлімше бойынша кезекші қызметтерін атқарып, қозғалыс саласында тәжірибе жинақтаған Арысбек Тастанбекұлы 1984 жылы Арыс станциясының бас инженері болып тағайындалады. Осы жылдары станцияда жаңа техникалар енгізу, парк жолдарын ұзарту жұмыстары қызу жүргізіліп жатқан кез болатын. 1989 жылы станция бастығы қызметіне тағайындалады.
1985-1990 жылдар темір жолда жүк тасымалдау көлемі шарықтап өскен кез болды. Шекаралық Шенгелді станциясынан тәулігіне Өзбекстан жаққа 75-80 жүк пойыздары өткізілсе, сонша пойыз біздің жаққа қабылданып отыратын. Ал, осы жүк пойыздарының 90 пайызға жуығы Арыс станциясында қайта сұрыпталып, жаңа пойыз құрамалары жасақталып жатты. Бұл жылдарда бөлімшені Социалистік Еңбек Ері Әуезхан Салықбайұлы басқарды, – дейді кейіпкеріміз.
Арысбек Тастанбекұлы 1991-1993 жылдары Шымкент темір жол бөлімшесінде Қозғалыс қауіпсіздігі саласында Бас ревизор қызметін атқарады. 1997 жылы сол жылдардағы темір жолдарымызда жүргізілген құрылымдық өзгерістерге сәйкес «Түркістан темір жолы» Басқармасы құрылған кезде пойыздар қозғалысы қызметінің бастығы, сосын Шымкент станциясының бастығы қызметтерін атқарып, ал 2000-2002 жылдары Алматы темір жол бөлімшесінің Қытаймен шекаралас «Достық» станциясына жіберіледі.
2000 жылдың қаңтар айының басында сол кездегі «ҚТЖ» РМК вице-президенті Қалтай Самбетовтің қабылдауында болдым. Ол кісі маған Достық станциясының бастығы болып барасың деді. Не керек, сол кездегі бас директор Абылай Мырзахметовтың бұйрығын алып, Достық станциясына кеттім. Ол кезде Достық станциясы II класты болатын. Станцияда пойыздар алмасу үлкен қиыншылықпен жүргізіліп жатқан кезі еді. Күн сайын пойыз саны өсіп, жүк тасымалы көлемі артып отырған жағдайда станцияның техникалық жарақтандырылуы кешеуілдеп, инфрақұрылымдары дамымай қалғаны көзге ұрып тұратын. Не істеу керек? Қытай темір жолы басшылығымен келісе отырып, станцияны үлкейтуді – пойыз қабылдау, пойыз жөнелту мүмкіншілігін арттыру мәселелерін шеше бастадық.
Станцияның жұмысын жақсарту мақсатында Министрлер Кабинетінің №868 қаулысы қабылданды. Аз уақыттың ішінде станцияға 4 жаңадан жол салынды. №2,4,5,6 жолдар ұзартылды. Нәтижеде, 2000 жылдың 10-12 маусым айында Достық станциясының таныстырылымы өтіп, жиынға 60 елдің делегаттары, көлік министрліктері мен ірі компания басшылары қатысты. Аз уақытта шекаралық бекеттің танымалдығы артып, ісі оңға баса берді. Нәтижеде, алғашында II класты болып ашылған Достық станциясы барлық өндірістік көрсеткіштері бойынша I класты станцияға, кейіннен кластан тыс «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы болып тіркелді, – деп еске алады шығыс шекарада өткен күндерін Тастанбеков.
Темір жолда жүргізілген өзгерістер кезеңі тәжірибелі маманды 2002-2009 жылдар аралығында талай жерге жұмсаған екен. Көкшетау бөлімшесінің Бурабай станциясын басқарды, одан Жамбыл жүк тасымалы агенттігінің директоры болды, «Қазтеміртранс» және «Кедентранссервис» компанияларында да еңбек етті. 2009 жылы елге оралып, жұмысы қауырт Қазығұрт станциясының бас инженері болып тағайындалады. Ал 2014 жылдан бері бөлімшеде пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ревизор қызметін атқаруда.
Жуырда пайғамбар жасына толғалы отырған тарлан теміржолшы өткен өміріне өкініші жоқ. Үш қызы мен ұлы түгел әке жолын қуды. Бүгінде Бауыржан Арысбекұлы Қазығұрт станциясының бас инженері. Ендігі арманы қырық жыл «аттың жалы, түйенің қомында» өткен бейнетті өмірдің зейнетін де көріп, жұбайы Гүлнәр екеуі немерелерінің тәрбиесімен айналыспақ.
Құлахмет Темірбеков, Шымкент
Құрметті теміржолшы
Инфраструктура
25.05.2026
Строительство железнодорожной линии «Мойынты – Кызылжар» ведётся круглосуточно — Минтранс
Новости
25.05.2026
Итоги работы КТЖ по развитию ж/д сети и обновлению подвижного состава обсудили в АО «Самрук-Қазына»
Новости
25.05.2026
Машинисты КТЖ предотвратили 20 ДТП на железнодорожных переездах в 2026 году
Пассажирские перевозки
25.05.2026
Самые популярные направления для летнего путешествия на поезде назвали в КТЖ
Пассажирские перевозки
25.05.2026
Более 28 тысяч пассажиров оформили билеты через «Лист ожидания»
Спорт
25.05.2026
Кокшетауские железнодорожники сразились в турнире по бильярду
Регионы
25.05.2026
Карагандинская детская железная дорога открыла сезон
Новости
25.05.2026
Развитие портов Актау и Курык и интеграцию в глобальные цепочки обсудили на форуме в США
КТЖ в лицах
25.05.2026
Начальника участка станции Костанай Авангарда Хакимова проводили на пенсию
Новости
23.05.2026
Сотрудникам центрального аппарата КТЖ продемонстрировали современные технологии модернизации пути
Новости
22.05.2026
Железнодорожники Казахстана и Узбекистана обсудили развитие перевозок и портовой инфраструктуры
Новости
22.05.2026
Казахстан и ЕС обсудили развитие ТМТМ и цифровизацию перевозок
Регионы
22.05.2026
Рацпредложение по оснащению шкафа тепловым тэном для просушки спецодежды внедрили в ВЧД-24
Регионы
22.05.2026
Более 120 уральских школьников прослушали лекции о соблюдении правил безопасности вблизи ж/д путей
Новости
22.05.2026
Снегозащитные ограждения для защиты от бурь установят на участке Коктума
Новости
22.05.2026
Электронный документооборот и логистические хабы обсудили эксперты из Центральной Азии в Алматы
Новости
22.05.2026
Казахстан и Кения укрепляют транспортные связи
Новости / Архив
22.05.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №39 от 22 мая 2026 года
Спорт
21.05.2026
Отбор на участие в корпоративной спартакиаде ҚТЖ по трём видам спорта прошёл в Соль-Илецке
Спорт
21.05.2026
Железнодорожники приняли участие в спортивной эстафете в Экибастузе