Айділда Қуандық Құрмашұлы

Айділда Қуандық Құрмашұлы

Электромеханик СЦБ

1993 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Таң ауылында №118 орта мектепте 9 сыныпқа дейін оқып, кейін Ақтөбе қаласындағы темір жол колледжінде білім алады. Сол жақта 4 жыл оқып, Ақтөбе белгі беру дистанциясының Хромтау - Айтеке би учаскасінде Жоса станциясында электромонтер қызметін атқарды. 2015 жылы Хромтау-Никелтау учаскесінде Ащелисай станциясында электромеханик СЦБ болды. 2018 жылы Ақтөбе-Жайсан учаскесінде Құрайлы станциясында электромеханикке ауысып, сонда жұмыс істеп жатыр.

Қалай ойлайсыз, сіздің тұлға ретінде қалыптасуыңызға не ықпал етті? Тек білім алғандар ғана сауатты маман деп санала ма?

Маған ең бірінші отбасым ықпал етті. Себебі әкеміз бен анамыз кішкентай кезімде ажырасып, ерте есеюге тура келді. Себебі анам инвалид, інім кішкентай болды…

Тек қана білім алғандар емес басқа адамдар маман саналады. Себебі қарапайым машина жөндейтін адам оқымаған, бірақ кезекте күніне ондаған машина жөндеп шығарады, яғни өз ісінің шебері бірақ оғымаған…

Өзіңіз туралы, өміріңіздегі маңызды (өзгеріс әкелген) оқиғалар туралы айтып берсеңіз.

Мені өзгерткен әрине Ақтөбе қаласы, болашағымды басқа жағына бұрып тұлға болуға ынта жігерімді осы қаладан алдым…

Кәсіби мансапты бастағанда ата-ананың қолдауы маңызды ма?

Әрине өте маңызды, әр адамға оның ішінде ата-ананың қолдауы өте маңызды.

Өміріңізде немесе әріптестеріңіздің арасында үлгі тұтқан адам болды ма? Неліктен ол адам?

Үлгі тұтқан адам ол бас инженер ШЧ-5 Мұрат Кұттымұратұлы. Себебі бәріне үлгіреді және өте тамаша атқарады…

Көп әрі өнімді еңбек еткен адам қалай демалады? Қандай хоббиіңіз бар немен әуестенесіз?

Хоббиім футбол, және басқа қалаларда дем алу…

Отбасыңыз сіздің жұмысыңызға қалай қарайды?

Жұмысты бірінші орынға қой деп отырады.

Қандай жеке қасиеттеріңіз жұмыста табысқа жетуге көмектеседі (мансаптық өсуге ықпал етеді)?

Қарапайымдылық, жауапкершілік.

Жақын болашақта қандай жоспарыңыз бар? Қандай құзіреттер мен шыңдарды бағындырғыңыз келеді?

Осы қызметте жоғырылап, шешілмей келе жатқан түйіндерді шешіп, КТЖ-ға үлес қосу.

Университеттен кейін жұмысқа тұруға келген жас мамандарға қандай кеңес берер едіңіз?

Әрқашан жан-жақты болып көздеген мақсатыңызға жетіп кедергілерден сүрінбей адал еңбекпен мақсатпен жұмыс жасап, Қазақстан болашағын бірге дамытуға шақырамын!!!