Маңғытаев Азамат Қыдыржанұлы
1987 жылы 1 қазан күні Алматы облысы Масақ ауылында дүниеге келген. Отбасында 4 бала, әпкесі мен 2 қарындасы бар. 2013 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген, қазіргі таңда Астана қаласында жұбайы және 2 баласымен тұрады. Әке-шешесі де қасында, өзін бақытты отбасы ретінде санайды.
2006-2007 жылдар аралығында әскерлік борышын атқарды.
Еңбек жолын 08.07.2008 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ ҒЗТКЖ жоспарлау және ұйымдастыру секторының бас маманы болып бастаған.
2009-2015 жылдар аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ғылыми-зерттеу орталығында ҒЗТКЖ жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2015-2017 жылдар аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ғылыми-зерттеу орталығында ғылыми-техникалық даму бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
2019 жылдан бастап Техникалық орталықтың зияткерлік меншік жөніндегі функционалдық бағытының бас менеджері болып жұмыс істеп келеді.
Менім тұлға ретінде қалыптасуымның бірінші себебі ол менің әке-шешем тәрбиесі және ортам деп санаймын. Білім алған ол біздің болашығымызда істейтін мамандыққа байланысты жауапкершілік сондықтан білім керек деп ойлаймын.
Өмірімдегі ең маңызды оқиға – әке шешемнің Астана қаласына 2000 жылы көшу туралы шешім қабылдағандары, соның арқасында біз еліміздің елордасында білім алып және өзіміздің отбасымызды құруға себеп болды.
Өмірдегі жаңа бастаманы бастаған кезде әке-шешемнің қолдағаны және қасында болуы дұрыс деп ойлаймын.
Үлгі тұтқан адам менің жұмысқа келгендегі алғашқы бастығым Мирас Асқарұлы деп санаймын, өйткені ол кісі менің жұмысқа деген көзқарасымды өзгертіп, білікті маман ретінде қалыптасуыма көмектесті.
Мен жұмыстан тыс кезде спортқа көп көңіл бөлем, соның ішінде футбол, баскетбол, жеңіл жүгіріске уақытымды бөлемін, дене шынықтыру ол біздің өміріміздің маңызды бөлігі деп санаймын және де ең маңызды отбасына да көп уақыт бөлу. Жұмыста өзіміздің спорттық жанұя деген тобымыз бар, ол жерде біз отбасымызбен араласамыз өзіміздің туған кундерімізді және жанұяда болып жатқан қуанышпен бөлесіп жиналып отырамыз.
Әрине оң көзімен қарайды, кейбір кезде жұмыс бабын үйде талқылап отрығанда жұбайым жақсы ұсыныстар айтып бір жаңа ойлар туғызады.
Ең бірінші маған жұмыста көмектесетін қаситеттерім ол жауапкершілік пен әдептілік.
Өзімді болашақта ішкі тренер ретінде дамытқым келеді, өйткені қандайда қоғамға ортаға жақсылық алып келсең өзіңнің де мәртебең өседі.
Жастарға айтатыным әр дайым білімдерін арттырып және шыңдай біліп, жан-жақты болыңдар.