Құласбаева Әсем Алдабергенқызы
Құласбаева Әсем Алдабергенқызы
Инженер СЦБ
Құласбаева Әсем Алдабергенқызы 31-наурыз 1987 жылы ШҚО Үржар ауданы Қабанбай ауылында дүниеге келген. Барлық-Арасан шипажайында 7-ші сыныпқа дейін, М. Ғабдуллин мектебінде үздік бағамен оқыды. Отбасы 1999 жылы Аягөз қаласына көшуіне байланысты Аягөз қалалық лицей табалдырығын аттайды. 2004 жылы лицейді бітіріп, Алматы қаласындағы теміржол саласына оқуға түскен. 2010 жылы Атбасар қаласына мамандығы бойынша теміржол саласында жұмыс істеуге жолдама алады. Осы Атбасар қаласында өмірлік серігін тауып, бала-шағалы болып, теміржол саласында еңбек тәжірибесін шыңдап келеді.
Қалай ойлайсыз, сіздің тұлға ретінде қалыптасуыңызға не ықпал етті? Тек білім алғандар ғана сауатты маман деп санала ма?
Менің тұлға ретінде қалыптасуыма әуелі ата-анамның тәлім-тәрбиесі, өмірге деген құштарлығым және осы Қазақстан еліне өз еңбегімді сіңіріп, қызмет етсем деген ынтам әсер етті.
Менің ойымша тек білім алғандар ғана сауатты маман деп саналу қате ұғым. Диплом сенің оқыған оқуыңның дәлелі ретінде саналатын бір парақ қағаз. Шындап келгенде теміржолшы отбасынан шыққан бала, кішкене кезінен сол мамандыққа бейімделіп, кейіннен сол мамандықты бойына сіңіре біледі. Міне, сондай адамдар – нағыз маман.
Өзіңіз туралы, өміріңіздегі маңызды (өзгеріс әкелген) оқиғалар туралы айтып берсеңіз.
Мен оқу бітірген жылы теміржол саласында мориторинг болып жұмысқа орналасу өте қиын болды. Мамандығым бойынша жұмысқа деген құштарлығым арқасында Қазақстанның барлық қалаларына түйіндемемді жібердім. Өмірі танып білмеген Атбасар қаласына жолдама алдым. Қолымда бір сөмке заттарым мен дипломнан басқа ештемесіз бір өзім ата-анамның батасын ала салып пойызға отырып келген едім.
Қазір сол кездегі ер жүректілігімнің арқасында теміржол саласында өзіндік бір орыны бар мықты маман иесімін.
Кәсіби мансапты бастағанда ата-ананың қолдауы маңызды ма?
Әрине, өте маңызды. Ата-анадан артық бағыт-бағдар көрсететін адам жоқ-ау бұл әлемде. Ол кісілердің қолдау, батасы өте маңызды орын алады. Әр жетістігің үшін олардың қуанғанынан әрдайым өмірге деген құлшыныс, шабыт аламын.
Өміріңізде немесе әріптестеріңіздің арасында үлгі тұтқан адам болды ма? Неліктен ол адам?
Өмірде үлгі тұтатын адамым ол менің – Анашым. Өйткені ол кісінің бойынан адалдықты, еңбекқорлықты көремін, үлкенге сый, кішіге ізет етуді білетін ардақты жан.
Көп әрі өнімді еңбек еткен адам қалай демалады? Қандай хоббиіңіз бар немен әуестенесіз?
Көп әрі өнімді жұмыс еткен адам материалдық тұрғыдан алсақ өзіне ештеңеден шектеу қоймай демала алады, жақындарына көмек қолын созуға мүмкіндігі болады.
Бос уақытымда дауысым қатты болмасада ән айтуды? Жарасса да жараспаса да билегенді ұнатамын, ең бастысы бойымнан жаңа қасиеттердің ашылуы үшін әрдайым ізденіс үстінде жүргенді ұнатамын.
Отбасыңыз сіздің жұмысыңызға қалай қарайды?
Отбасымда мені ата-анам мақтан тұтады. Әкем жасы 80-ге келіп қалған кісі, «Қызым шойын жолында жұмыс атқарады» дейді болды? Көп нәрсенің анық-қанығын біле бермейді. Езуіме күлкі ұялатады.
Қандай жеке қасиеттеріңіз жұмыста табысқа жетуге көмектеседі (мансаптық өсуге ықпал етеді)?
Мен жұлдыз жорамал бойынша Тоқты болғандықтан ба бойымнан көшбасшылықты жиі байқаймын. Еңбекқорлығым және адамдармен ортақ тіл табыса білуім деп ойлаймын.
Жақын болашақта қандай жоспарыңыз бар? Қандай құзіреттер мен шыңдарды бағындырғыңыз келеді?
Болашақта қазақ елінің елшісі болғым келеді. Халқымның жарқын жақта өмір сүруіне ықпал еткім келеді.
Университеттен кейін жұмысқа тұруға келген жас мамандарға қандай кеңес берер едіңіз?
Көрсеткен, оқыған, үйреткеннің бәрін гупкаша бойыңа сіңіре білсең, соны еңбек жолында қолдана біл дегім келеді. Үнемі ізденіс үстінде бол, бір жетістікпен тоқтама. Тек алға!