Сыдықов Азамат Дәулетханұлы
Сыдықов Азамат Дәулетханұлы
Машинист автомотрисы
1991жылы 22-ші қаңтарда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қызыл жұлдыз ауылында дүниге келген. Отбасылы, 3 бала 1 қыз тәрбиелеп отыр. Теміржолшы.
Қалай ойлайсыз, сіздің тұлға ретінде қалыптасуыңызға не ықпал етті? Тек білім алғандар ғана сауатты маман деп санала ма?
Менің тұлға ретінде қалыптасуыма тікелей әкемнің ықпалы зор, себебі ортада өзін ұстауы, ақыл айтқаны, өзін ортада сыйлата білуі, сыйлсатығы әсер етті. Білім алғандар ғана сауатты маман емес, жалпы тәжірибе және көпті көрген мамандарда сауатты бола алады.
Өзіңіз туралы, өміріңіздегі маңызды (өзгеріс әкелген) оқиғалар туралы айтып берсеңіз.
Өзімнің өмірімде маңызды өзгеріс әкелген оқиға – ол басқа қалаға барып білім алған кез. Себебі басқа қалада өзге адамдармен карым-қатынас кезінде өзімді сырттай бақылап, салыстырып басқа елдің мәдениеті мен салты менің көзқарасымды түбегейлі өзгертті.
Кәсіби мансапты бастағанда ата-ананың қолдауы маңызды ма?
Кәсіби мансапты бастағанда ата-ананың қолдауы өте маңызды, себебі олардың айтқан ақылдары мен тәжірибелері дұрыс қадам жасауға ықпал етеді.
Өміріңізде немесе әріптестеріңіздің арасында үлгі тұтқан адам болды ма? Неліктен ол адам?
Үлгі тұтар адам ретінде бірінші нағашы ағамды айта аламын. Өйткені ол кісінің тәрбиесі, білімі, тәжірибесі, көпшілік ортада өзін ұстауы, басшылық ете білуі, ұйымшылдығы маған жігер береді.
Көп әрі өнімді еңбек еткен адам қалай демалады? Қандай хоббиіңіз бар немен әуестенесіз?
Табиғатта серуендеу, тауға шығу, балық аулау. Хоббиім көлік айдау, сурет салу, велоспиед тебу.
Отбасыңыз сіздің жұмысыңызға қалай қарайды?
Отбасым жұмысымды қолдайды.
Қандай жеке қасиеттеріңіз жұмыста табысқа жетуге көмектеседі (мансаптық өсуге ықпал етеді)?
Жауапкершілік, тік мінезділік.
Жақын болашақта қандай жоспарыңыз бар? Қандай құзіреттер мен шыңдарды бағындырғыңыз келеді?
Өнегелі отбасы болу, жұмысымды алға өрлету, өзімді дамыту, тәжірибе жинау.
Университеттен кейін жұмысқа тұруға келген жас мамандарға қандай кеңес берер едіңіз?
Жастарға кеңесім әр дайым шыншыл, бойында жауапкершілік болу, алға қойған мақсатқа жету, қолдан келгенін аямау. Тек жақсы жағынан көрсету, әр істе белсенділік таныту керек.