248 станцияда 7 мыңнан астам жарықдиодты шамдар орнатылды

Инфрақұрылым
10.06.2022, 10:12
Оқуға 1 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ транзиттік дәліздердің теміржол инфрақұрылымындағы «тар жерлерді» жою бойынша Жол картасына сәйкес электрмен жабдықтау дистанциялары қызметкерлерінің күшімен бірқатар құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалды.

Атап айтсақ, Күншығыр Рзд, Рзд 20, Керкелмес және Боройнақ станциялары бойынша сигналдық нүктелердің қоректенуін ауыстыру, сондай-ақ, Балқаш-2 және Алтынкөл станциялары бойынша сыртқы жарықтандыруды монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы жобаларды жүзеге асыру станциялардың өткізу қабілетін арттыруға және ұзын құрамды пойыздарды өткізуді қамтамасыз етуге, мердігерлік ұйымдарды тартпай, күрделі құрылысты орындауға жұмсалатын шығындар деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ теміржол көлігі қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту, станцияның қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін 18 электрмен жабдықтау дистанциясы бойынша 248 станцияда 7272 бірлік жарықдиодты шамдарды сатып алу және орнату шаралары атқарылды. 

– 2022 жылы департамент тарапынан электрмен жабдықтау шаруашылығы бойынша әбден тозығы жеткен және ауыстыруды, сондай-ақ күрделі жөндеуді және ССПС паркін жаңартуды қажет ететін тартымдық қосалқы станциялардың электр техникалық жабдықтарын элементтік жаңарту бойынша жұмыстары жалғаспақ. Жалпы, іс-шараларды енгізу бойынша жүргізілетін жұмыстар пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қауіпсіз еңбек жағдайларының деңгейін, теміржолдарды және басқа электр энергиясын тұтынушыларды электрмен жаб- дықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – дейді Электрлендіру және энергетика департаментінің менеджері Мұрат Жүсіпұлы.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды