Логистикасы дамыған өңірде

Инфрақұрылым
05.03.2019, 17:08
Оқуға 1 мин

Қазақстандағы үшінші мегополис Шымкент оңтүстіктегі ірі логистикалық орталыққа айналады деген болжам расқа айналып келеді. Жуырда мұнда аймақта бұрын-соңды болмаған, логистикалық бағытта көтерме тарату орталығы ашылды. 

«GraMad» көтерме тарату орталығы әсіресе, жергілікті дихандар үшін аса тиімді болып отыр. Мұнда делдал қызметінсіз өндіруші өнімдері тікелей тұтынушыға ұсынылады. Орталықта көтерме, бөлшек сауда бар, авто және теміржол тұйығы жұмыс істейді. Жүк тиеген ірі фуралар емін-еркін кіріп шыға береді, теміржол вагондарымен де тасымалдау мүмкіндігі бар.     

Аталған жоба «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдау тапты. Жалпы 3,5 млрд теңге жеке инвестиция құйылып, 200-ден аса жаңа жұмыс орнымен қамтылды. Мұның алдын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында көтерме-тарату орталықтарының желісін дамытуды тапсырған болатын.

Орталықтың жалпы алаңы 11 мың шаршы метр. Оның ішінде сауда алаңы 3,5 мың шаршы метр, логистикалық қоймалар алаңы - 7 500 шаршы метр. «Бізден сатып ал» акциясы шеңберінде «Шымкент өнімдері» сауда алаңшасынан жергілікті өнімдерді сатып алуға болады. Себебі, бұл жерде тауарлар нарықтағы бағадан он пайыздай төмен ұсынылып отыр.

Жансая СЫДЫҚБАЙ, Шымкент  

Суретті түсірген автор


Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды