Жолаушылар алғысы бәрінен де маңызды

Сұхбат
25.07.2022, 17:26

Темір жолда 37 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі билет кассирі Гүлсім Ахметжан теміржолшы мамандығы адамды баурап алатын сиқырға ие дейді. Түркістанның тумасы, бүгінде Қарағанды станциясында билет кассирі болып қызмет ететін теміржолшымен шағын сұхбат құрған едік. 

- Гүлсім ханым, темірдей тәртіпті талап ететін теміржол саласына қашан келдіңіз? Вокзалдан күніне қанша адам билет сатып алады? Олармен сөйлескенде қандай да бір қиындықтар туып жатады ма? 

- Мен өзім тоғыз жолдың торабы Түркістан қаласында дүниеге келдім. Мектептен соң Шымкентте гидромелиоративті құрылыс техникумын бітірдім, бірақ ол мамандық бойынша жұмыс істемедім. Жарық бекетінің бастығы мені теміржолға баулыды. Темір жолдағы еңбек жолымды 1985 жылы осы бекетте оператор болып бастадым. Ал билет кассирі болып 1990 жылдан бері еңбек етіп келемін. Қарағанды стансасына 2000 жылы ауыстым. Содан бері темір жолға бауыр басып, өзім де оның бір бөлшегіндей болып кеттім. Қазір алдыма келген жолаушының психологиясын, көңіл-күйін жақсы аңғарып, дөп басатын деңгейге жеттім. Жазғы маусымға байланысты күніне билет алуға ең көп дегенде 200-ден астам келеді. Алдымызға келген сол жолаушылардың көңіл-күйіне қарай олардың тілін табуға тырысамыз. Талай жылдан бері жиып терген тәжірибенің көмегі көп.  Жолаушының көңіл күйі болмай тұрса, барынша жылы сөйлесіп, ілтипат танытамыз.

- Жыл сайын болатын билет тапшылығының мәселесі әлі де бар. Бұл тұрғыда сіздер жолаушыларға қандай кеңес бересіз? 

- Қазіргі таңда, электронды билет сату жүйесі жақсы деңгейде дамыған. Жыл сайын билет сатып алудың жаңашылдықтары енгізілуде. Билет каасаларынан бөлек ұлттық тасымалдаушының bilet.railways.kz сайты да қарқынды түрде даму үстінде. Солардың бірі «Күту парағы» қызметі қазіргі таңда жолаушылар арасында кеңінен танымал. Билет жоқ болған жағдайда кассаға келген жолаушыларға біз аталмыш қызметті қолдануға кеңес береміз. Бұл тұрғыда жолаушы bilet.railways.kz сайты арқылы немесе біздің кассаларға келіп, пойыздың жүруіне 7 күн қалғанда босап жатқан орындарға кезекке тұруына болады. Сондай-ақ жолаушы діттеген жеріне жетуі үшін біз келісілген бағыттар бойынша қатынайтын пойыздардың тізбегін ұсынамыз. 

Бұған қоса жолаушыларға арналған жеңілдіктер де қарастырылған. Мүгедектер үшін 50 пайыз жеңілдік бар. «Мейірім» картасын билет кассасында тегін ашып береміз. Сол картамен келіп, кезексіз алуға болады. Билетті сатып алудың және қайтару ережелері жыл сайын артып келеді. Жолсеріктердің қызмет көрсету сапасы да жақсарып келеді, соған өзім дән ризамын.

- Елімізде жолаушылар көбіне пойызбен қай бағытта саяхаттағанды ұнатады? 

- Негізінде жазғы маусымда жолаушылар көбіне ыстық аймақтарға барып демалғанды жақсы көреді. Кең байтақ елімізде демалыс айлақтары барлық өңірлерінде болғанымен, оңтүстікке саяхаттап баратын жолаушылардың саны жылдан жылға артып келеді. Мәселен Алматы мен Шымкент қалаларына, Жамбыл және Қызылорда облыстарына жолаушылардың ағыны көп. Сонымен қатар, мемлекет аралық пойыздарының қозғалысы қайта қалпына келтірілгеннен кейін көршілес елдерге қатйынайтын пойыздарға сұраныс артуда. 

- Билет кассирі болу үшін қандай машықтар керек? 

- Менің ойымша пойызбен саяхаттау ең алдымен билет кассасынан басталады. Себебі билет касссирі жолаушының сұранысындағы бағытының ең арзан, ең жылдам және ең жайлы пойызын тауып беру біздің міндеттемелеріміздің бірі. Бұл мамандық негізінен стресске төзімділікті, шеберлікті, тез қызмет көрсету мен нақтылықты талап етеді. 

Тағы бір міндеттемелердің бірі – жауапкершілік. Күніне бірнеше жолаушымен жұмыс істеп, билет кассирі құжатнамаларда көрсетілген ақпаратты билетке қатесіз енгізіп, жылдам қызмет көрсетуі қажет. Оның үстіне қағаз ақшаларын қабылдап, артылған ақшаны қайтарар кезде қателік жібермеуі тиіс. Әрбір тиынның артында сұрауы бар. 

Сонымен қатар, билетті қайтару сәттер аз емес. Мәселен, күту парағы арқылы билетті алсаңыз, тек билет кассасы арқылы қайтаруға болады. Ал, онлайн немесе дәл сол билет кассасына барып сатып алған билетті қайтарсаңыз бұл тұрғыда мынадай ережелерді білуіңіз қажет:

  • Бастапқы стансадан пойыздың жүруіне 24 сағат бұрын қайтарсаңыз билет құны 100 пайыз қайтарылады;
  • Бастапқы стансадан пойыздың жүруіне 24 сағат өтіп кесте алайда 6 сағаттан бұрын қайтарсаңыз билет құны және плацкарт құнының 50% төленеді;
  • Бастапқы стансадан пойыздың жөнелтілуіне 6 сағаттан аз уақыт қалғанда және пойыз жөнелтілгеннен кейін 1 сағаттан аспай қайтарылса, билет құны төленіп, плацкарттың барлық құны ұстап қалынады, бірақ ол жол жүру құнының 30%-нан аспауы тиіс.
  • Бастапқы стансадан пойыз жөнелтілгеннен кейін 1 сағат өткен соң жол жүру құжаттары (билеттер) да, ақша қаражаты да қайтарылмайды.

Билеттің ақшасы билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы қайтарылады.

Билетті қайтаратын кезде оның ережелерімен билет кассирі хабардар болу міндетті. Осы ережелерді біз жолаушыларға да билетті қайтаратын кезде түсіндіріп отырамыз. 

- Ғұмырыңыздың қырық жылға жуық уақытын теміржолға арнап келесіз? Сіздің жолыңызды жалғап жатқан балаларыныңыз бар ма? 

- Темір жол қызметінде жұмыс істеу мен үшін мәртебе. Әсіресе, билет кассирі болып қызмет ету өте қызықты Мамандығымды мақтан тұтып, жұмыс істегендіктен болар, үш қызымның бірі теміржолдағы ізімді жалғастыруға ниет танытты. Қазіргі таңда Динара есімді қызым «Тальго» жолаушылар пойызында жолсерік. Бұл қызмет те оңай емес. Себебі жолаушылармен ортақ тіл табу қиынның қиыны. Күніне қаншама жолаушы пойыз қызметін пайдаланады. Жолаушылардың діттеген жеріне жақсы көңіл күймен, ауырмай-сырқамай жетуіне қамқорлық танытып, жағдайын жасау үлкен жауапкершілік. Билет кассирі мен жолсерікке тән ортақ міндет, ол жолаушыларға қызмет көрсету. Ал біздер үшін ең маңыздысы өз қызметімізді абыроймен атқарып, жолаушылардың алғысына бөлену.

Жолаушылар тасымалы
13.03.2026
Наурыз мейрамы қарсаңында ҚТЖ қала маңындағы пойыздарда 2177 қосымша орын ұсынады
Жолаушылар тасымалы
13.03.2026
Jibek Joly туристік пойызы жаңа бағыт бойынша жолға шығады
Инфрақұрылым
13.03.2026
Абай облысында «Бақты – Аягөз» теміржол жобасының іске асырылу барысы талқыланды
Жүк тасымалы
13.03.2026
Қостанайдан Нью-Йоркке дейін...
Жүк тасымалы
13.03.2026
Жаһандық желінің маңызды буыны
Инфрақұрылым
13.03.2026
Назарда тұрған нысандар
Жүк тасымалы
13.03.2026
Семейдегі жүк тасымалы мен логистиканы дамыту шаралары
Қауіпсіздік
13.03.2026
Шымкентте теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар таңдау жасайды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар қан тапсырды
Аймақтар
13.03.2026
Ғибратты ғұмыр иесі
Жаңалықтар / Мұрағат
13.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №19 13 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
12.03.2026
Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа техника табысталды
Жаңалықтар
12.03.2026
Жолаушылар үшін жаңа бағыттар ашылып, вагондар паркі жаңартылып жатыр – Тоқаев
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ төтенше ауа райы жағдайында пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуде
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ тас жолдардың жабылуына байланысты 390 жолаушыны пойызбен жеткізді
Әлемде
12.03.2026
Дрондар теміржол жұмысын өзгертуде
Әлемде
11.03.2026
Әлемдегі ең жүйрік CR450 пойызы 453 км/сағ жылдамдықты еңсерді
Аймақтар
11.03.2026
Жамбылда теміржолшы арулар марапатталды
Жаңалықтар
11.03.2026
Елімізде теміржол вокзалдарын модернизациялау жұмыстары жалғасуда