Ардагерлер кеңесіне – он жыл

Сұхбат
30.11.2023, 11:50
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында теміржолдың өсіп-өркендеуіне, дамуына сүбелі үлесін қосып, ал бүгінде көп жылғы бейнеттерінің зейнеттерін көріп отырған зейнеткер-ардагерлердің басын біріктіретін ұйым бар. Ол Ардагер-теміржолшылардың орталық кеңесі. Бүгін біз қоғамдық бірлестік болып құрылған ұйымның тарихы, тыныс-тірлігі, атқарып отырған қызметі туралы кеңес төрағасы Болатбек Дүйсемалиевті әңгімеге тарттық.  

– Болатбек Бекеуұлы, әңгімемізді Ардагер-теміржолшылар орталық кеңесінің он жылдығын атап өткелі отыр екенсіздер, сала зейнеткерлерінің басын қосатын ұйым өз жұмысын қай бағытта жүргізеді?  

– Жалпы, айта кету керек, теміржолшы ардагерлердің орталық кеңесі кеңестік одақ кезінде, кешегі Алматы, Батыс, Тың теміржолдары кезінде, яғни Жол қатынастары министрлігіне қараған шақта да жұмыс істеп тұрды. Кейін еліміз егемендік алып, үш теміржол бірігіп ҚТЖ құрылған алғашқы жылдары қызметі тоқтап қалғаны рас. 2013 жылдың желтоқсан айында қайтадан құрылған Теміржолшы-ардагерлердің орталық кеңесіне биыл міне он жыл толмақ. Бастапқыда кеңестегі ардагерлер саны 50 мыңнан асып жығылатын. Қазір 47 мыңнан асады. Біз қоғамдық бірлестікпіз, жұмысымызды «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен және оның еңбеккерлері арасында жасалған келісімшартын негізге ала отырып жүргіземіз. Біздің міндетіміз – саналы ғұмырын теміржолға сарп еткен зейнеткерлердің құқықтары мен мүдделеріне қызмет етіп, ұжымдық келісімшарттағы жеңілдіктерді пайдалануын қамтамасыз етіп, реті келсе бағыт-бағдар, кеңес беру. Ел өңірлерінде 18 аймақтық кеңесіміз жұмыс істейді. Жылына бір рет бас қосып, есеп береміз.  

– Ұлттық компания мен оның еңбек ұжымы арасында жасалған ұжымдық шарттағы зейнеткерлерге қатысты жеңілдіктерге тоқталып өтсеңіз.    

– Иә, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасындағы   ұжымдық шарттың 8-бөлімі – Компания зейнеткерлеріне арналған әлеуметтік пакет. Онда соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне және қарапайым зейнеткерлерге қатысты жайттар қамтылған. Атап айтқанда, Жеңіс күнін тойлау қарсаңында Ұлы Отан соғысына, Қатынас жолдары халық комиссариаттарының арнайы құрылымдарына қатысушы болып табылатын зейнеткерлерге 30 АЕК мөлшерінде материалдық көмек, сондай-ақ Компанияда есепте тұрған ҰОС ардагерлеріне айына 50 кВт есебінен тұтынылған электр энергиясы мөлшерінде ай сайын материалдық көмек көрсету қарастырылған. Сонымен қатар теміржол көлігіндегі еңбек өтілі кем дегенде 25 жыл зейнеткерлерге, сондай-ақ жұмыс өтіліне қарамай, өндірістік жарақаттану оқиғалары бойынша 1 және 2-топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты жұмыстан шыққан зейнеткерлерге, олар 70, 80, 90 және 100 жасқа толған кезде 7 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек көрсетіледі. Одан басқа да «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталғандарға, басқа да  зейнеткерлерге Компанияның бөлінген бюджеті шеңберінде жиырма төрт айда бір рет тіс протездеуге кеткен шығындары,  теміржол көлігімен жылында бір рет бару-келу шығындары өтеледі. Үш жылда бір рет сауықтыру орындарына жолдама беріледі, тағысын тағы...

– Ардагерлер кеңесіне зейнетке шыққан барлық теміржолшылар мүше бола алады ма? Әлде оның өзіндік реті, тәртібі бар ма?

2010 жылдың 19 мамырында «ҚТЖ» ҰК» АҚ  Басқармасының шешімімен бекітілген Жұмыс істемейтін зейнеткерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды есепке қою тәртібі туралы ереже бар. Осы ережеге байланысты Ардагер-теміржолшылар кеңесіне теміржол көлігіндегі еңбек өтілі 10 жылдан кем емес және зейнетақы жасына Ұлттық компаниядан шыққан тұлғалар, сонымен қатар Қазақстанға қоныс аударған ТМД елдерінің теміржол көлігінде жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан және еңбек өтілі 10 жылдан кем емес тұлғалар, сондай-ақ денсаулық жағдайына немесе жарақат алуына байланысты 1-ші және 2-ші топ мүгедектігі тағайындалуына байланысты жұмыстан босатылған Компания қызметкерлері мүше бола алады.  

– Әңгімеңізге рахмет...

 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл